Жетпістің белесін бағындырған абыройлы ағамыз

c_410_290_16777215_00_images_2017_4_n.jpgБірі – берекелі шаңырақтың төрінде отырған асқар таулы әке, екіншісі - сол отбасы ұйытқысы болып отырған абзал ана. Бар саналы ғұмырларын тынбай еңбек етуге арнаған Төлебай Әжіғалиұлы мен Клара Жұмағалиқызының жанұясына биыл 42 жыл. Төлебай ағамыз жақында ғана жетпістің жетегіне келді. Бүгінде, ізінен ерген балалары мен немерелерінің қызығына бөленіп отырған елге сыйлы аға-апамыздың шаңырағында қонақ болу бұйырды бізге.


Төлебай Әжіғалиұлы Жітіқара жерінің тумасы. Көпбалалы отбасында тәлім алғандықтан болар, ағамыз үшін адам бойындағы «еңбекқорлық» қасиеті бала кезінен дарыған. Москолев орта мектебін тәмамдаған соң, 1969 жылы Целиноградтың ауылшаруашылық институтына түсіп, мал дәрігері мамандығын игереді. Қызметте де, отбасында да адалдықты ту еткен бұл кісіні ауданымыздың көпті көрген сыйлылары «тынымсыз қозғалыстағы» адам ретінде таниды. Өңіріміздің өркендеуі жолында еңбегінің арқасында сүбелі үлес қосқан Төлебай ағамыз зейнеткерлікке мемлекеттік қызметкер ретінде аттанды.
Кез-келген абыройлы ер азаматтың жанында міндетті түрде ақылды серігі жүруі тиіс. Бұл ретте, ағамыздың өмірлік серігі – Клара апамыз жайлы айтпау әбестік. Клара Жұмағалиқызы қарт Торғай жерінде дүниеге келген. Қырық жыл бойы Б. Майлин атындағы Таран орта мектебінде ұстаздық етіп, шәкірттеріне сая бола білген жан. «Біздің балалар кішкентайларынан өз беттерімен, қарапайым тұрмысқа биім болып өсті, оның себебі, мен көп уақытымды мектепте өзге балалармен өткізетінмін. Бұл – өз балам, өзгенің баласы деп бөліп жатқаным емес, мен үшін барлығы бідей,» - деген сөзінен – ақ, апамыздың даналығы байқалады.
«Бала қыран болуы үшін, оны самғатып биікке ұшыратын әке де қыран болуы керек» - дейді кейіпкерлеріміз. Аға-апамыздың балалары: бүгінде өмірде өз орындарын тапқан азаматтар. Талғат пен Қанат атты қос қырандарын ұяға, Әйгүл қыздарын құтты қияға қондырған аға-апамыз бар уақыттарын арттарынан ерген төрт немересіне арнауда. Немерелерінің алды - Саят жиырма жаста, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ - нің үшінші курс студенті, одан кейінгілері: Меруерт, Фархат пен Лунара. Немерелердің ішіндегі кенжесі, еркесі – 8 жасар Лунара кәсіби бимен айналысады. Төлебай ағамыз Кенел есімді күйеу баласына үлгі болып отырған ата болса, Клара апамыз Әсел мен Салтанат есімді ибалы келіндерді тәрбиелеп отырған абзал ене.
Жетпістің белесін бағындырған ағамыздың отбасында қазақи леп бар екенін, үйдің табалдырығын аттағаннан-ақ байқадық. Көпті көрген кейіпкерлеріміздің қарапайымдылықтары кімді болса да тамсандырады. Ұл-қыздарына - жақсы ата - ана, немерелеріне - мейірімді ата - әже атанып отырғандарына еріксіз бас иесің. Сөйтесің де, бүгінгінің нағыз ата - анасы қайсы дегенде, мақтанышпен атайсың. Бастысы, балаларының бәріне асау уақытпен арпалысып жүріп жақсы тәрбие бере білгендеріне қуанасың, сүйсінесің. Қалайша мадақтамайсың, қалайша мақтамайсың, қалайша құрметтемейсің?!


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика