Поэзия – менің жүрегімде - Ару Баймұрзаева

c_410_290_16777215_00_images_2017_7_7-32017-10.jpgӨмір, сен не деген қымбат едін,
Осы өмірге мәңгіге келер ме едім?!
Өмірімнің әрқашан ақ парағын,
Әрдайым өлеңмен толтырамын.
Өмірімнің балалығым ,шақтарым...
Өмірдегі алтын ұям бесігім,
Бала болдым, асыр салдым, ойнадым.
Өмірден мен өз еншімді аламын!

Ол – өмірге ғашық. Өнерге құштар жас дарын иесі, Ару қыз. Оны «бала» деп атау әбестік болар, себебі ,көкірегіне түйгені мен санқилы өмірден ұққаны мол. Балалығын ақындықпен ұштастырғандықтан болар, қатарластарынан да ерекше. Жаны нәзік. Жалындаған жас жүрегі махаббатқа толы, ол- поэзияға деген махаббат...

Бойжеткен ақын – біздің жерлесіміз.Өзбекстан елінің , Үшқұдық қаласының тумасы. Ақындық ата – тегінде бар. Бүгінде, № 1 қазақ орта мектебінің 9 - сынып оқушысы. Әдебиетке деген махаббат ана сүтімен дарыған. Ұстазым – Жұман Төлегенқызының да құштарлығымды оятудағы тигізген септігі мол дейді кейіпкеріміз.

...Өшсе өнер,
Өмірден түңілгендер
Ау! Бауырлар!
Өмірден түңілмеңдер.
Айтып кеткен даналар,
Бір-ақ түйін,
Адам болып, кітапқа үңіліңдер!

(Ақынның аты өлмейді. Абайға арнау.)

Абайдан дана бар ма қазақта? Абайды пір тұтады. Өлеңдері мен қара сөздерінен шабыт алады. Жақында ғана өткен аудандық «Абай оқулары» сайысының бас жүлдегері атанды. Облыс деңгейінде өңіріміздің атын қорғап , жиырмадан астам қатысушы арасынан топ жарып «Үкілеген үміт» номинациясының жүлдегері атанды.

...Орамалды ақындар да жыр еткен,
Орамалды майданда да ту еткен,
Әр сарбаздың жүрегін елжіреткен.
Ақжаулықты аналарын сыр еткен,
Орамалың ешқашан кір шалмасын,
Жүрегіңді ешқашан мұң шалмасын,
Көңілің орамалдай таза болсын.
Ақжаулықты аналарым аман болсын.
(Ақжаулық)

«Қайғы келсе, қарсы тұр, құлай берме» деген өсиетті өмірлік ұстанымына айналдырған кейіпкеріміз , өзінің барлық жеңістерін асқар тау тірегі – Жарқынбай Сүлейменов пен қамқоршысы анасы – Рита Ботбаеваның тәлімінің арқасы деп біледі.

Өмірдің баспалдағын,
Басып келем.
Қай жерден сүрінем деп,
Аңдап келем.
Құдайым сүріндіре, көрме мені,
Аузымнан иманымды, ала көрме...

Өнерпаз қыздың армандары көп-ақ, мақсаты біреу – келешекте ата-анасының үкілеген үмітін ақтау, еліне елеулі болу.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика