Әйел – Ана, әйел – жар, әйел – басшы жайында

c_410_290_16777215_00_images_2017_9_9-2017-4.jpgЖұдырықтай жүрегіне жылылық пен ұлылық ұялаған әйел-өмірдің мәні, тіршіліктің сәні. Олардың қоғамдағы, жалпы адамзаттың өмірінде алатын орны бір төбе. Әйел, алдымен, отбасының ұйытқысы, ең бастысы «Ана» деген киелі ұғымның нышаны.Әңгіме отбасы мен жұмысты қатар ұстаған әйел – Ана, әйел — ​жар, әйел — ​басшы жайында болмақ.


Раушан Абуева Таран ауданы Мақсұт ауылының тумасы. Жастайынан қажырлы еңбектің қадірін білген кейіпкеріміз, бүгінде, Қайранкөл ауылын басқарып отыр.
Сол кездегі бүлдіршін, Раушан Жақыпқызы Мақсұт ауылының балабақшасында тәлім алған. Алғашқы мектеп табалдырығын да осы өлкеден аттаған. Оқушы кезінде көркемөнермен айналысқан. Пионер жасағы кеңесінің мүшесі болған. Адам бойындағы ең бір маңызды қасиеттің бірі — ​жауапкершілікті сол кезден — ​ақ бойына баулыған. 1991 жылы Мақсұт орта мектебін аяқтаған.Оқуын аяқтаған соң, Қостанай Политехникалық колледжіне түседі. Одан кейін Қостанай Әлеуметтік — ​техникалық колледжі мен ҚМПИ — ​да білімін жалғастырады. Жоғары білім алғаннан кейін, көп ойланбай, ат басын туып өскен өлкесіне қарай бұрады. 2001 жылдан бастап мемлекеттік қызметке тұрады. Алғашында ауыл округінде маман болып, кейін бас маман дәрежесін алады.
«Мақсұт ауылы дегенде, жүрегім шынымен елжірейді. Бұл менің туып, өскен мекенім, осы ауылда ата-анам еңбек етті, бұл менің балалық шағымның куәсі болған жер. Ауылдың әр тұрғыны мен үшін ерекше қымбат. Еңбек жолымда да ауылдастарымның қолдауын ұдайы сезінемін», — ​дейді Раушан Жақыпқызы.
Бүгінде, Раушан Абуева отбасының берекесін келтіріп отырған абзал ана. Қолқанаттары — ​Руслан, Ризат, Тамаша есімді үш баласы бар. Бар бос уақытын үш жасар қызымен өткізетіні жайлы айтты кейіпкеріміз. Іскер әйелдің жетістіктері жайлы айта отырып, тірегі болып отырған ерінің атын айтпау әбестік болар. Кейіпкеріміздің өмірлік жолдасы — ​Талғат Мұқанұлы жұбайын әрдайым қолдап отырады. Сіз үшін бақыт деген не, деген сұраққа ол, көп ойланбастан, «Отбасымның берекесі, балаларымның амандығы мен жақындарымның дендерінің сау болғаны», — ​деп жауап берді.
Білдей бір аймақты басқарып отырған әйел азаматы үйден көрі түзде көп жүретіні белгілі. Дегенмен, табиғат та, шариғат та әйелге алдымен өз міндетін орындауды жазған. Басқаға бас болмас бұрын әйел отбасының ұйытқысына айнала білуі шарт. Отбасы — ​қоғамның өзегі. Әйел сол отбасын ойлап, балаларын жақсы тәрбиелеп, соған қамқор бола білгенде ғана қызметінде табысқа жетеді, — ​дейді Раушан Жақыпқызы.
«Әкім болу әйелге қиын деген түсінік қалыптасқан. Ауылға әкім болу ер азаматқа да оңай емес. Ауыл адамы күнделікті тұрмыстағы түйіткілдерді, өз отбасының жағдайын өзі ғана шешіп үйренген, нарыққа бейімделген қала адамы емес. Біреудің жем-шөбі, біреудің отыны таусылып қалса да, баласы мектепке бармаса да, ауылдасының түтіні түзу шықпаса да ауыл әкімі араласады, көп болып қол ұшын созудың жағдайын қарастырады. Сондықтан, ер әкімге де, әйел әкімге де жұмыстағы ісі алға басуы үшін, ең бірінші, отбасында береке болуы керек. Отағасы қашан да мені қолдап отырады. Ал жұмысым өзіме қатты ұнайды», — ​деп аяқтады сөзін іскер әйел — ​Раушан Абуева.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика