Әйелдің бақыты – Отбасы

Қыз бала еліне қашан да қонақ. Жат жерге барып, ақ жаулық тағып, инабатты келін, одан қалды, қасиетті «Ана» атын абыроймен арқалап жүрген жан - Ләйлә Сарсенова жайлы. Алтын құрсақты ана дүниеге алты перзентті алып келген. Бүгінде,абыройлы ана ержеткен балаларының қызығына бөленуде.

Ләйлә Сейткалиқызы Елтай жерінің тумасы. Кейіпкеріміз өзі де көпбалалы отбасынан шыққан. «Балаларды ержеткізу оңай болды десем, айтқаным жаңсақ болар. Дегенмен, қиындықтарға мойымай, балаларымның өмірлік жеңістерін көргенде, керісінше, жаңаша дем алғандай боламын. Осымен он төрт жыл қолқанаттарымды өзім жеткізіп келемін. Балаларымның алды өз жолдарын тауып, қызмет етіп жүрген жайлары бар. Барым деп балаларымды білемін. Олар бақытты болса, менің де жаным тыныш», – дейді көпбалалы ана.
Алты баланың тұңғышы Жанарбек – 35 жаста. Рудный қаласында қызмет жасайды. Одан кейін Гүлнар есімді қыз баласы Таран ауылында тұрады. Балабақшада тәрбиеші болып қызмет атқарады. Динара есімді қызы 24 жаста. Одан кейінгі қыздары Аида мен Сабина. Бүгінде олар Қостанай қаласында бірі Индустриалды колледжде, екіншісі Экономикалық колледжде білім алып жүрген жайлары бар. Өмірде өз орындарын тапқан перзенттері аялы алақандарына салып, мәпелеп өсірген аналарына дән риза.
Бүгінде, Ләйлә апамыз зейнеткер кісі. Жастайынан еңбекке баулыған ата-анасының тәлімінен болар, кейіпкеріміз тыным таппайтын жандардың қатарынан. Таран ауылының мектебінде аспаз болып қызмет атқарып жүрген жайы бар. Одан қалды, үй шаруашылығымен айналысады. Бірақ, басты жұмысы – немерелерінің тәрбиесімен айналысу деп біледі.
Немерелерінің алды Бекзат есімді ұл бала. №1 қазақ орта мектебінің 1- сынып оқушысы. Одан кейінгісі – Мадияр, 4 жаста. Бүлдіршіндер уақытты әжелерімен өткізгенді ұнататындары жайлы жарыса айтты. 8 - Наурыз мерекесіне әжелеріне арнап жасап жатқан тосын сыйлары да бар екен, бірақ, оны құпия ұстауды жөн көрді.
Сіз үшін «Әйел бақыты» деген ұғымға не сыяды? – деген сұраққа, кейіпкеріміз «Әйелдің бақыты – Отбасы» деп жауап қатты.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика