Суретке құштар бойжеткен

Шырайлы көктемнің көркем мерекесі қарсаңында, жерлесіміз Анна Стаднюк жайлы жазуды жөн көрдік. Бойжеткен қыз Б. Майлин ат. орта мектіптің 10 – сынып оқушысы. Жастайынан өнерге құмар кейіпкеріміз, бүгінде сурет өнерінің қыр-сырын жетік меңгерген. Бізге кейіпкеріміздің керемет туындаларын тамашалап, оларды салу барысына куәгер болуға бұйырды.


Анна Стаднюк - Таран ауданының «Өнер мектебінің» түлегі. Көркем архитектура мен дизайн класын тәмамдаған кейіпкеріміздің қолынан шыққан туындыларды, бүгінде аудан көлеміндегі көрмелерден тамашалауға болады. Кейіпкеріміз туындыларын әртүрлі жанрларда орындайды. Сурет салу кезінде қолданатын құралдары да әркелкі. Көбіне фантастика мен мистика жанрындағы туындыларды орындау жанына жақын екендігін тілге тиек етті.
- Жұмыстың ең қиыны бірден бастап кету. «Көз –қорқақ, қол – батыр» демей ме? Қағаз бетіне салынған суретке жан бітіру үшін ерінбеу керек. Өзі орындаған туындылардың әрқайсысы оған ерекше ыстық. Еңбектің қорытындысын көргенде, оны тамашалаған көрерменнің ықыласына бөленгенде, жанының рахаттанатыны жайлы да айтты.
Кейіпкеріміз бала күнінен көркемдік атаулыға құмар болып өскен жан. Негізі, қыз жанына көркемдікке құмарлық қашан да жарасады ғой. Сурет өнеріне деген құштарлық атамнан дарыған болар дейді.
Бүгінде, Аннаның туындыларын тек тамашалап ғана қоймай, сатып алатын талғампаз өнерсүйерлер де бар. Әр туындысына ерекше мейірім мен махаббат сезімін сіңдіруге тырысатын кейіпкеріміз көбіне суреттерін сыйға беретіні жайлы айтты.
Бойжеткен болашағын сурет өнерімен байланысты болатынын қазірден-ақ біледі.Бүгінгі әуестігін келешекте кәсіпке айналдыратын жоспары бар. Біреулер үшін бұл менің тек «бала арманым» ғана болып көрінуі мүмкін. Дегенмен, мен үшін бұл мақсат. Сол мақсатыма жету жолында тынбай еңбек етуге дайынмын деп аяқтады әңгімесін кейіпкеріміз Анна.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика