«Жұмадан қалма, бауырлар, жұмадан қалма...»

c_410_290_16777215_00_images_2017_13_30.0313-1.jpg«Бес уақыт намазыңның қайнар бұлағы, үмітің болса жұмақтан,рақым күтсең Алладан, жұмадан қалма,» – деп бастады әңгімесін жерлесіміз Түрлібек Тәңіқұлов. Кейіпкерімізді Таран ауданының «Әйет» мешітінде жақсы таниды. Бес уақыт Намазын берік ұстанған Апанов ауылының тұрғыны, жұма сайын жамағатпен сапқа тұру үшін 70 шақырымнан астам жол жүріп арнайы ауданға келеді, дұға қылады.


Түрлібек Тәңіқұлов Ұзынкөл жерінің тумасы. Нағыз мұсылманға тән қасиеттерді бойына сіңіріп өскен кешегі жігіт, бүгінде бір шаңырақтың төрінде отырған асқар таулы әке, немерелеріне жанашыр ата, өмірлік жолдасы үшін адал жар. Кейіпкеріміз көп жылдар бойы теміржол торабында қызмет атқарған. Жиырма жеті жыл көлемінде Апанов станциясының басшысы болған кісі.Жолдасы Күлзира Тәңіқұлова да теміржол саласында қызмет еткен. Бүгінде, ерлі – зайыпты Тәңіқұловтар бар уақыттарын арттарынан ерген сегіз немересінің тәрбиесіне арнап отырған жайлары бар. Әлия, Жанна, Салтанат есімді қыздарын қияға, ұлы Серікті ұяға қондырған. Балаларының жоғары білім алып, нағыз азамат болғандарына куә болған ерлі-зайыптылар, бүгінде қолқанаттарының қызығына бөленуде.
«Бала күнімнен ата-анамнан «Ешкімнің ала жібін аттама. Қолыңда барыңа шүкірлік ет. Қанағат қыл», - деген әңгімелерді жиі еститінмін. Сол алған тәлімімнің арқасында бойыма Иман нұрын сіңіріп өстім. Сүре жаттап, Иманымды күшейтетін кітаптар оқыдым. Иман әр адамға әртүрлі уақытта келеді. Маған Намазға жығылу зейнетке шыққан соң бұйырды. Жамағатпен жұмадан жұмада амандықта көрісу үлкен бақыт. Иман күшті білімді талап етеді. Өз білгендерімді балаларым мен немерелеріме үйретемін. Жағдайлары келгенше ораза тұтып, зекет беріп, көмекке мұқтаж жандарға көмек беру керек екендіктері жайлы жиі айтамын. Негізі, нағыз ізгіліктің бастауы – ниеттің тазалығы», - дейді Түрлібек Тәңіқұлов .
Отырыстар мен жиындарда, көпшілік жерде уағыз айтып, өнегелі әңгімемен сусындайтын дуалы ауызды қарияның ендігі арманы қажылыққа бару.

P.S Жамағат, жұмылып, Жұмада Жаратқанға жүгінейік! Жаһаннамнан жырақтатып, жап-жасыл Жұмағына жеткізсін! Жасампаз жолынан жаңылдырмасын! Жиырмадағы жастар жүз жылдық жоспар жасап, жарқын жетістіктерге жетсін! Жалғыз жүргендер жұптарын жолықтырсын! Жақындарымыз жанымызда жабықпай жүрсін!
Жұптарымыз жазылмай, жүздеріміз жадырап, Жұмадан Жұмаға жақсылықта жетейік, ағайын!


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика