Көктемгі күйзелістен аман болыңыздар

c_410_290_16777215_00_images_2017_14_14-2017-14.jpgӘдетте, көктем мезгілінің басы нашар көңіл-күймен толығады. Оған қоса, осы маусым ағзамыз мүмкіндіктерінің шегіне жеткендей болып, жанымыз бен тәніміз бір сырқатқа душар болып жатады. Неге әр көктем сайын осылай болады? Бұның себептері қандай? Осы сынды сауалдарға жауап алу мақсатымен Таран ауданы орталық ауруханасының психологы Әсел Абиловаға жолықтық.


Көктем адам ағзасынан көп күшті алып қоятындықтан, біздің имунды жүйеміз жұқарып, дәрумен қорын тауысады, ал оларды қалпына келтіру қиын. Міне, әлсіздік пен сырқаттар қайдан келеді. Қыстың суығында үйде көп отыруға тырысып, аз қимылдаймыз, көктем келісімен бірден пайда болатын қимылдардан солғындық пен селқостыққа ұрынамыз. Қар еріп, ауа райы өзгеріп жатқанда, адамдар қан қысымының төмендеуі мен бас ауруларынан зардап шегеді. Оған қоса, күніне сан рет құбылатын ауа райы бар: жаурайсыз, терлейсіз, жел тиеді, суық тигізіп аласыз.
- Көктемгі күйзелісті жеңу жолдары жайлы не айта аласыз?
- Көктем уақытында ағзаға пайдалы дәрумендерді неғұрлым көп мөлшерде қолданған абзал. Оған қоса, ұйқыңыздың дұрыс болуы да көп әсер етеді. Күніне кем дегенде 8 сағат ұйықтап, түс уақытында мүмкіндік болса, бір мезгіл мызғып алғаныңыз жөн. Отырған жеріңізде шам жағып қойып, бөлмеңізге қуатты шамдарды қойғаныңыз дұрыс. Әрине, қолдан жасалған жарықтандыру күн сәулесін алмастыра алмайды, бірақ бұлтты күні ең дұрыс шешім осы болмақ. Таза ауада серуендеп, позитивті ойлауға дағдаланған да артық етпейді.
- Адам күйзелістен шығуға өзіне-өзі қалай көмек бере алады?
- Күйзеліспен күрестегі басты қару – кез - келген қоздырғыш факторларға деген эмоциямыз бен реакциямызды бақылау. Бірінші қағида: Барынша өзін-өзі сергіту. Дем алысыңызды қадағалаңыз, толық кеудемен ауызды ашып демалуға тырысыңыз (әдетте, күйзеліс жағдайындағы адам тісін шықырлатады, ал біздің міндетіміз барлық бұлшық еттерді босату). Созылып, керіліңіз, бірнеше минут мойынға массаж жасаңыз. Соңғы релаксация қолды ыстық сумен жылыту, себебі ағзада адреналиннің бірден өңделмеуі қол-аяқ ұштарындағы қан айналымын төмендетеді. Ыстық қол барлық ағзаның босауына ықпал етеді. Екінші қағида: қозғалу қажет. Жүріп қайтыңыз, ал, ең жақсысы кішкене жүгіріп қайтыңыз. Белсенді іс-қимыл сізді ашуланудан арылтады.
Үшінші қағида: өзіңізге ұнайтын тәтті бір нәрсе жеңіз. Бұл арада керемет көмекші балмұздақ болуы мүмкін. Балмұздақтың негізгі құрамы сүт пен кілегей, бұнда ұйықтай алмау, депрессия кезінде, көңіл-күйді жақсарту және қорқыныш пен алаңдаушылық сезімдерін азайту үшін медицинада қолданылатын табиғи триптофан транквлизаторы бар. Сондай-ақ күйзеліс кезінде шоколад та көмектеседі – ағзада серотонинды тудырудағы көмекші, «бақыт гармоны» ретінде де аса белгілі. Сонымен қатар, шоколадта бұлшық ет пен нерв жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне қажетті екі минерал магний мен калий бар. Төртінші қағида:сергітетін шөптермен, майлармен немесе тұзбен ванна қабылдаңыз. Су процедуралары кезінде жағымды музыканы тыңдауды үйлестірген жөн. Бұл сізге тыныштықта және жайлы атмосферада демалуға мүмкіндік береді. Бесінші қағида: қандай да бір күлкілі жақсы фильм көріңіз. Барынша күліп, көңіл көтеріп, осы көңіл-күйде ұзаққа қалуға тырысыңыз. Бастысы — есте сақтаңыз: күйзелістен қашпау керек — адам өзін-өзі ұстау қажет. Мәселен , күйзеліс деген бізбен болған жағдай емес, бұл қандай да бір жағдайға қалай қарағанымыз.
- Әсел Абрашқызы, біздің аудандық ауруханада аталмыш дертке қарсы немесе оның алдын алуға байланысты ем алушыларға қандай көмек көрсетіледі?
- Ауруханада «Сенім жәшігі» қызметі жұмыс істейді. Бұл қызмет түрі қиын жағдайға тап болып, тығырықтан шығатын жол іздеп жүрген науқастарға арнайы жасалған. «Сенім жәшігі» аурухананың фойесінде орналасқан. Кез-келген адам өзінің жағдайын мәлімдеп жазуға мүмкіндігі бар. Бұл қызмет түрін ем алушылар ашық түрде өз деректерін жазып, сондай-ақ, жасырын түрде де қолдана алады. Қаралушылар «Сенім жәшігіне» өз анкеталарын күнделікті сағат 08.00- ден – 17.00 – ге дейінгі уақыт аралығында жібере алады. Қаралушының қойылған сауалына жауапты арнайы психилог маманы зерттеп, жауабын «Сенім жәшігіне» салады.
Әсел Абрашқызы, пайдалы кеңесіңіз бен қойған сауалдарымызға берген тұшымды жауаптарыңызға ризашылдығымызды білдіреміз!


Комментарии  

 
0 # Матвей 07.04.2017 20:13
Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика