«Қой көтеру» ойының женімпазы

c_410_290_16777215_00_images_2017_14_14-2017-18.jpgРуслан Шомаев (суретте), бұл мақалада Сіздерді ұлттық спортқа жанашырлық танытып жүрген жерлесімізбен таныстыруды жөн көрдік.


Руслан Шомаев «Қазпошта» АҚ бөлімінде қызмет істейді. Бос уақытының барлығын шынығу залында өткізетін кейіпкеріміз ұлттық спорт түрлеріне бей-жай қарамайтындардың қатарынан.
Нағыз қазақилықтың қаймағы бұзылмаған Амангелді өңірінің тумасы болғандықтан ба, кейіпкеріміз үшін қазақша күрес, көкпар, тоғызқұмалақ, жарыс секілді ұлттық спорт түрлері бала кезден жақсы таныс. Әңгіме барысында кейіпкеріміз қазіргі кезде спорттың бұл түрлері енді-енді дамып, жаңғырып жатқандығын және бұл жолда оны насихаттаудың маңыздылығын тілге тиек етеді.
“Қазақтың ұлттық спорт ойындары дене қимылы ғана емес, сонымен бірге ұлттық психологиялық әсері зор. Ойындардың тәрбиелік жағынан алатын орны да ерекше. Әр ұлттық ойынның мазмұны мен әдістемелерінің өз ерекшеліктері бар. Қазақтың ұлттық ойындары тек батылдық пен табандылыққа емес, сонымен бірге әділеттік пен адамгершілікке негізделген. Кез –келген ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, содан үлкен де мәнді- мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз,” – дейді кейіпкеріміз.
Бүгінде Руслан Шомаев тоғыз жасар Нұржан мен екі жасар Талап есімді ұлдарды тәрбиелеп отырған әке. Балаларын да бүлдіршін кезден салауатты өмір салтына баулуды жөн көреді.Қызметтік жолын ұстаздық етуден бастағандықтан, шәкірт баулу ісі де кейіпкерімізге жақсы таныс.
Айта кетерлігі, Руслан Шомаев жақында ғана ауданымызда Наурыз мерекесіне орай өткізілген спорттық іс-шарада «Қой көтеру» , «Жарыс» секілді ұлттық спорт түрлерінде белсенділік танытты. Шамамен 40 келі тартатын тірі қойды 150 рет көтерген жерлесіміз, топ жарып, қанжығасына бас жүлдені байлады.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика