Басты міндет – оқырман жүрегіне жол табу

c_410_290_16777215_00_images_2017_15_15-2017-19.jpgАқапарат алу көздерінің күнделікті жаңарып, ғаламтор желісінің қарыштаған заманда, “адамдар кітап оқымайды” деген пікірді ұстансаңыз, қателесесіз! Сенбейсіз бе?! Онда, бастауын 1940 жылдан алатын Таран аудандық кітапханасына барып, пікіріңіздің жаңсақ екеніне өзіңіз көз жеткізіңіз!

«Кітапхана тірі болса – халық та тірі,» - дейді халық даналығы, десе дегендей, технология қаншалықты дамығанымен, кітап қорының ордасы – ақпарат алудың басты орталығы ретінде сақталып, оқырман тарапынан өз сұранысын еш жоғалтпаған. Таран аудандық кітапханасы мен оған қарайтын ауылдық округтердегі жиырма жеті кітапхана бөлімшелерінде жалпы алғанда елу үш қызметкер жұмыс жасайды. Аталған кітапханалардың жалпы фондында 361935 кітап бар, оның ішінде, мемлекеттік тілдегі кітап қоры – 61194 дананы құрайды. Таран аудандық орталық кітапханасының кітап қоры – 51312, оның 10589 қазақ тіліндегі кітаптар. Аудандық орталық кітапхана талғампаз оқырмандарының сұранысына ие. Жалпы саны 2110 оқырманды құрайтын ғылым ордасынның қызметкерлері күніне орташа есеппен 19-20 оқырманға қызмет көрсетеді. Әлбетте, демалыс күндері кітапсүйер келуші дүйімнің саны да артады. Таран аудандық орталық кітапханасының тұсында қызмет көрсететін «Достық» мәдени –танымдық орталығы да өз кішкентай оқырмандарымен қарқынды жұмыс жүргізеді. Орталықта мектеп оқушыларына арналған түрлі танымдық іс-шаралар, балаларға арналған тәрбие сағаттары өткізіледі. Сонымен қатар, балабақша тәрбиенушілеріне арналған «Кішкентай оқырман», «Читайка» атты топтар бар. Бүлдіршін оқырмандарға арнап кітапхана қызметкерлері ертегілер мен тәлімдік мазмұндағы кітаптарды дауыстап оқу, мультимедиалық түрде ұсынады.
“Кітапханашының жұмысы көп адамдарға жеңіл болып көрінгенімен, шын мәнінде, кітапхана қызметкерлерінің оқырмандарға керекті әдебиетті тауып беруден басқа да көптеген жұмыстары бар. Қуантарлығы, ақпарат алу көздерінің көптүрлілігіне қарамастан, кітап үйі оқырмандардың сұранысын жоғалтпаған. Біздегі басты міндет – оқырман жүрегіне жол табу. Бұл тарапта да түрлі жұмыстар жасаймыз, мәселен, кітапхана қызметкерлері жұмыстан шығуға мүмкіндіктері жоқ оқырмандарынан телефон арқылы тапсырыс қабылдап, арнайы күндері оларды керекті жерге жеткізеді. Тұрақты оқырмандарымызбен де ерекше жұмыс жүргіземіз. Ағымдағы айда, барлық формулярларды қарап, ішінен іріктеп «Ең үздік оқырман», «Оқырман отбасы», «Ең жас оқырман» секілді номинациялар бойынша марапаттауды жоспарлап отырмыз.Арнайы библиограф маманы қордағы сақталған әр кітаппен жұмыс жасайды. Кітапханашылар қандай әдебиетке сұраныс көп екендігін анықтап, оқырмандардың сұранысы бойынша тапсырыс жасайды. Өкініштісі, кейде талғампаз оқырманның көңілдерінен шығатын керекті әдебиеттің табылмайтындығы. Кітап қоры жыл сайын жаңарғанымен бюджеттен бөлінген қаржы мөлшері көп жағдайда жеткіліксіз. Кітап сатып алу мәселесі де үлкен жауапкершілікті талап етеді. Әкелінген кітаптарды белгілі мерзімде ауылдық округтердегі бөлімшелер бойынша қазақ тілді, не орыс тілді оқырмандардың санына байланысты дұрыс бөлген абзал. Оқырмандар санының азаюына байланысты, округтердегі жабылып жатқан бөлімшелер де бар,” – дейді аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің басшысы Гаухар Асанова.
Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну–адамның білігі мен пайымын айқындайтын алғышарт іспетті. Оны оқу процесі қазіргі таңда төмендеп отырғаны жасырын емес. Осы ретте, себеп не? – деген сұрақ еріксіз туындайды. Оның себептерін түсіндіру үшін, ең жеңілі күнделікті қолданысқа енген ғалам торабы әсеріне жаба салу. Тығырықты жағдайдан шығар жеңіл жол іздеген адамның жауабы тәрізді көрінеді. Бұдан қалды, басқа себептер де бар болар, мүмкін? Мәселен, оқырмандардың кітапқа деген ынтасын келтіретін қызықты әдебиеттің жеткіліксіздігі. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылатын секілдіміз. Ойланатын жайт...


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика