Жолдау міндеттерінің бірі - ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу

c_410_290_16777215_00_images_2017_15_15-2017-14.jpgЕлбасы Жолдауының негізгі жаңалығы оның Қазақстанды Үшінші жаңғырту жөнінде жаңа міндет қойып, оны қолға алуды ұсынуы болды.

Менің тоқтам алғаным төртінші басымдық, яғни адами капитал сапасын жақсартуға қатысты.
Елбасы білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиістігін атап өтті. Онда білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру екендігін алға тартады. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін Президент тарапынан Үкіметке тиісті ұсыныстар беру тапсырылды. Атап айтқанда, үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу мәселесі бойынша ұсыныстар әзірлеу мәселесі басты орынға шығарылды. Президенттің ұстанымына сәйкес, білім беруде қазақ тілінің басымдығы сақталады және әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді.
Осы тұста тек бір мәселеге ғана көңіл аударғымыз келеді, яғни ағылшын тілін мектептерге кеңінен енгізіп, болашақ ұрпақтың ағылшын тілін еркін меңгеріп, білімді осы тілде алуына жол ашу, расында да, ұлттық прогреске қол жеткізуге жол ашары сөзсіз. Бірақ, бұл ағылшын тілі мемлекеттік тілмен бірге дамысын, оған айрықша басымдық берілсін деген сөз емес қой. Президент Жолдауда нақты көрсеткен қазақ тілін дамыту арқылы ағылшын тілін мектептегі оқу бағдарламасына кеңінен енгізу заман талабы екендігі. Осы тұста «бастауыш сыныптарда білім тек қазақ тілінде беріліп, оқушының өз тілін еркін меңгеріп, дүниені өз тілінде тануына, ұлттық ұстанымының қалыптасуына жағдай жасалуы қажет. Бесінші сыныптан бастап ағылшын тілі тереңдетіп оқытылып, жоғарғы сыныптарда біртіндеп пәндердің елу пайызын ағылшын тілінде оқыту тиімді нәтиже берер еді», - деген пікірін қолдағым келеді. Бүлдіршіндердің ана тілінде білім бастауы- ұлттық болмыстың бойында дамуына сеп болмақ. Жолдауда болашақ ұрпақ бойында ұлтжандылықты дамытуға да баса көңіл бөлу керектігі айтылғандығы осыны меңзесе керек.
Болашақ ұрпақтың бойындағы ұлттық сезімді оятып, ұлттық мүддеге қызмет етуді дәріптеу мемлекеттің болашағының басты кепілі болып табылады. Билікке келетін жаңа буынның бойында ұлтшылдық дәнін егу арқылы ғана болашақ үшін алаңсыз болуға болады. Лайым, солай болғай!

Айбатыр Ахметбеков,
аудандық мәслихаттың депутаты


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика