«Жастар практикасы» - мол мүмкіндік ұсынады

c_410_290_16777215_00_images_2017_15_15-2017-26.jpgЖұмысқа деген ынта болса, жұмыс та, ырыс та алдыңнан шығатыны белгілі. «Жас келсе, іске» деген. Жастарға жалындаған жараспаушы ма еді?! Ел аумағындағы жүзеге асып жатқан «Жастар практикасы» бағдарламасы жастарды жұмыспен қамтып, бағыт-бағдар сілтеуді мұрат тұтқан. Тек ынта-ықыласыңыз болсын.

«Жастар практикасы» - арнаулы және жоғары оқу орындарының түлектерін жұмыспен қамту мәселелерін шешудегі бірден-бір жол. Оқу орындарының түлектерін еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы «Жастар практикасы» бағдарламасы жұмыспен қамту органдарымен ойдағыдай қолданылады. Осы бағдарлама жас түлектерге, олар алған мамандықтар бойынша практикалық тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді және оларға келешекте тұрақты жұмыс орындарына орналасу үшін жол ашады.
Жаңа жылдан бастап жастар практикасынан өтуге Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінген оқу орындарының түлектеріне төленетін жалақы 56 725 теңге құрайды. «Таран ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы» ҚММ басшысының м.а Руслан Мукашовтың айтуынша, жастар практикасына қатысушылардың еңбекақысы мемлекеттік бюджет қаражатынан субсидияланады және білім беру түлектеріне алғашқы тәжірибе алу үшін жүргізіледі. Жастар практикасы – бұл алған мамандығы бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін алу мақсатымен жүргізілетін оқу орындарының түлектерін уақытша жұмысқа орналастыру. Өткен жылы бізбен жастар практикасына 22 түлек жұмысқа орналастырылған еді. Ол кезде жалақы 18 айлық көрсеткішті құраған болатын.Биыл жалақы 25 айлық көрсеткішті құрайды. Еске салайық, бір айлық көрсеткіш 2269 теңгені құрайды. Аталмыш практика 1 – шілдеден бастау алып, алты ай көлемінде жалғасады.
Бүгінде, 3 ай көлеміне созылатын қайта даярлау курстарынан Лисаковск қаласының техникалық колледжі, Лисаковск оқу орталығында, Тобыл мамандандырылған техникалық колледжінде жалпы саны 57 тәлімгер білім алып жатыр.
Айта кетейік, жастар практикасына соңғы үш жылдың түлектері, жұмыссыз ретінде тіркелгендер және олардың жасы 29-дан аспағандар жолдана алады. Жұмыс беруші жұмыссызды жұмысқа алу туралы шешім қабылдаған жағдайда, жұмыс беруші онымен Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес еңбек келісімшартына отырады.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика