Сұранысқа ие ғылыми жоба аясында

c_410_290_16777215_00_images_2017_15_15-2017-28.jpgӘлемдегі дамыған елдердің қатарына қосылуды мақсат тұтқан, ширек ғасырда ширап, аз ғана уақытта алдыға қарыштап дамыған Қазақстанның болашағы кімдердің қолында? Бүгінгі жастардың ғылымға деген қызығушылығы қаншалықты зор? Оларды не толғандырады? Қандай тың бастамалары мен идеялары бар? Бүгінгі жастардың қолынан не келеді?

Бұл мақала кейіпкерін «Жаңа ғасырдың батыры» десек артық етпейді. Таныс болыныздар, Диана Сансызбай. Осыдан екі жыл бұрын кейіпкеріміз өз дене бітіміндегі ақауды байқап, келешекте сол ақаулардың денсаулығына зиян келтіруі мүмкін екендігін түсініп, дене тәрбиесімен қатаң түрде айналысуға бел буды. Арнайы өзі жасаған тамақтану мәзірін және шынығу жаттығуларын пайдаланған бойжеткен алты ай көлемінде 15 кг. салмақтан арылған. Басынан өткен бұл тәжірибемен бөлісу мақсатында, кейіпкеріміз «Ғылыми жоба» жасап, оны облыс көлемінде таныстырды.
“Ғылыми жобамды 8-сыныпта оқып жүргенде жаза бастадым. Бүгінде, бұл жобаны жаңартып, жетілдіріп жүргеніме үш жыл болды. Шыны керек,бастапқы мақсатым артық салмақтан арылу болды. Сол мақсатқа тезірек қол жеткізгім келгендіктен болар, қарқынды жұмысты бастап кету қиынға соқпады. Өмірім күрделі түрде өзгерді. Күнделікті үйренген мәзірдегі тәттілерден, тоқаштар мен тәтті сусындардан, қуырылған тамақтан, ұннан жасалған тағамдардан бас тарттым. Күнделікті кардио және өзгеріп отыратын жаттығулар тізімін жасап, шыныға бастадым. Бастапқы салмағым 58 кг болатын, алты ай көлемінде 15 кг салмақ тастадым. Кейінгі жұмыс тек қана осы салмақты ұстап тұруға бағытталды. Дене бітіміндегі күрделі өзгерістермен бірге өмірімде де көп нәрсе өзгерді. Мәселен, қоршаған ортаға, қоғамға деген көзқарас. Қазіргі таңда жас қыздар арасында сұранысқа ие тақырып болғандықтан, басымнан өткен осы алты ай көлеміндегі «сабақты» ғылыми жоба ретінде ұсынуды жөн көрдім. Бұл ретте, маған айтарлықтай демеу берген, жетекшім Лазана Мадибаева. Жеткен жетістігімнің көп бөлігі жетекшімнің қолдауының арқасы деп білемін,”- дейді Диана Сансызбай.
«Ғылыми жобаны» жазу кезінде кейіпкеріміз қазіргі кезде көп тараған диеталарды толықтай зерттеген. Оң және теріс жақтарын толықтай қарастырған. Сонымен қатар, вегетариандық өмір салтын да назарға алған. Тәжірибеге сүйеніп жазған кейіпкеріміздің аталмыш ғылыми жобасы өзі араласатын қоғамда, достарының арасында үлкен қызығушылық туғызды. Кейіпкерімізден келіп кеңес алатын достары,құрбылары мен орта жастағы таныстары да бар. Бірақ, бойжеткен жасаған диеталық бағдарламасын адамдармен бөлісуге ұмтылмайды. Салмақтан арылу – күрделі процесс болғандықтан, оған біртіндеп келген дұрыс екендігін және әртүрлі адамның ағзасы бұл өзгерісті түрліше қабылдайтынын ерекше атап көрсетеді.
Бүгінде, Диана Сансызбай Б.Майлин атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы. Тынымсыз жұмыс арқасында өз өмір сүру салтын өзгерте білген батыр қыздың ендігі мақсаты – «Ғылыми жобасын» адамдарға пайдасы тиетіндіктей деңгейге жетілдіріп шығару.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика