Заңды білмеу – құқықтық мәдениеттің кемшілігі

c_410_290_16777215_00_images_2017_16_16-2017-1.jpgБалалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын- алу - қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. Ауданымызда кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу жұмысы қатаң бақылауда. Ішкі істер органдары тарапынан ұдайы жүргізіліп жатқан рейдтік іс-шаралар және аудан көлеміндегі білім ошақтарында жүйелі түрде ұйымдастырылып өткізілген жиналыстар мен тәрбиелік мәні бар лекциялардың құқықбұзушылықты төмендетуге тигізер үлесі зор.


«Бүгінде өрімдей жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, елді елең еткізіп отыр. Тәртібі қиын бала есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімі арта беретінін ескерсек, бұл аса өткір мәселе екенін мойындауға мәжбүрміз. Жыл сайын жаз маусымы басталып, оқушылар демалысқа шыққанда, жасөспірімдердің тәртібін қадағалайтын құқық қорғау органдарының жұ­мысы екі есе көбейеді. Қазақстанда заң бойынша кәмелетке толмаған жас­өспірімдерге түнгі сағат 22.00-ден кейін компьютерлік клубтарда отыруға және түнгі сағат 23.00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынған. Оқушылар демалысқа шығып, мектеп сабағы мен үй тапсырмасынан қолдары босағанда, жоғарыда айтылған ережелерді барлығы бірдей сақтай бермейді. Әсіресе, жасөспірімдердің қолымен жасалған қылмыстар мен құ­қықбұзушылықтар жаз мезгілінде көп тіркеледі. Тәртіп сақшылары қанша жерден жұмыс істеп жатырмыз десе де, жасөспірімдер арасындағы қылмысты азайту күн тәртібінде тұр. Жалпы, құқық тәртібін бұзуға бейім балалар, қоғамдық тәртіпті бұзған, қыл­мыс жасап ішкі істер бөлімдерінде есепте тұр­ған балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шыққан. Ал, енді бір тобы кейбір ата-аналардың бала тағ­ды­рына алаңдамауынан, оларды өз беттерінше қалдырып, мектептен тыс бос уақыттарында немен шұғылданып жүрген­дерін қадағаламауынан орын алады. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп атам қазақ айтқандай, әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасаса, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың төмендеуіне көп септігін тигізер еді. Сонымен қатар, әр азаматтың міндеті - заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау. Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы әртүрлі мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Заңды білмеу – құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайтынын түсіндіреміз,” – дейді Таран аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция тобының кәмелетке толмаған істер жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Ербол Сейтмағанбет.
Айта кетейік, 2017 жылдың төрт ай көлемінде Таран ауданы бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың 15 фактісі тіркелген. Түнгі уақытта көшеде жүру фактісі бойынша – 30 жасөспірім ескерту алған. Ұсақ құқықбұзушылық фактісі біреу. Аудан бойынша жұмыс жасайтын 5 инспектор қызмет көрсетеді.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика