Үш тілді меңгерген Айгерім

c_410_290_16777215_00_images_2017_17_2704-17-04-14.jpgБұл мақалада, Сіздерді болашақта өзін полиглот ретінде танытуды мақсат етіп, сол жолда қарқынды еңбектеніп жүрген жерлесіміз Айгерім Бримжановамен таныстыруды жөн көрдік. Айгерім Таран ауданының №1 қазақ орта мектебінің 9-сынып оқушысы. Бүгінде, өзінің тынбайтын ізденісінің арқасында кейіпкеріміздің азды – көпті жетістіктері де бар. Бойжеткен тілді үйрену кезінде туындайтын қиындықтар мен оларды қалай шешетіндігі жайлы ой бөлісті.


Тіл үйренуге деген қызығушылық кейіпкеріміздің бойында бала кезден бар екен. Бірнеше тілді жетік меңгерген Мадина есімді үлкен әпкесін үлгі тұтқан ол да, тіл үйрену ісіне бар жауапкершілікпен қарайды.
«Негізі адам не істесе де, ықыласы күшті болу керек. Ниет болған абзал. Жарты жолда тастап кету емес.Бірінші — өзінің қалауы мықты болу керек. Екінші — жан – жағынан итермелейтін күш, басқаша айтқанда, мотивация болу керек. Үшінші — бір істі бастап, тастап кеткен де дұрыс емес. Өзім перфексионист болғаннан ба, бастаған істі аяқтап, нәтижесін көруге асығамын.
Тіл үйрену кезіндегі тағы бір маңыздылық, күнделікті жаттығу екенін тілге тиек етті кейіпкеріміз. Мектептегі ағылшын тілі сабақтарынан бөлек, Айгерім күнделікті үйде шет елдік авторлардың кітаптарын оқып,тілдің грамматикасын қарастырады. Одан бөлек, шет елдік фильмдер көруді жөн көреді. Тіл үйренуден бөлек, Айгерім Бримжанова Таран ауданының «Өнер мектебінде» білім алады. Спорттық сайыстарға қатысып, күнделікті шынықтыру жұмыстарын жасайды.
Əрине, адам көбірек тіл білсе, жаңа тілді игеру де жеңіл болады. Ең бастысы, қорықпау керек. Тілді үйрене жүріп, өз ойыңызды сол тілде түсіндіруге тырысып, грамматикалық мағынасына аса мəн беру қажет. Үйреніп жүрген тілде сұрақ қоя отырып, тіл білетін жəне өзіңізге көмек көрсете алатын адаммен барынша көбірек сөйлесу тиімді. Сонымен қатар, музыканы көбірек тыңдап, есту қабілетіңізді дамыта беріңіз. Жақсы естіп-білу, шетел тілін үйренуде жақсы көмекші. «Адамның қолынан келмейтін іс жоқ. Бастысы, тіл үйренемін деген мақсатты алдына қойып, соған жетуді көздеу керек», – дейді бірнеше тіл білетін кейіпкеріміз.
Небәрі он бес жасар бойжеткен, қазірден бастап болашақ мамандығының қай салада болатынын ойластырып қойған. Келешекте тіл маманы болуды мақсат тұтады. Ағылшын тілінен бөлек, француз, испан және қытай тілдерін жетік меңгеруді көздейді. Бүгінде, сол мақсатқа қол жеткізу жолында еңбек етіп жүрген жайы бар.
Әрбір адамның өз тілінде сөйлеп, білім алып, азамат болып қалыптасуы маңызға ие. «Әр елдің тілін, өнерін білген кісі өзгемен бірдейлік деңгейде сұхбаттаса алады» деген Абай атамыз. Бүгінде тіл білгеннің тіршілігі түзу. Жастар өз тілін ардақтай отырып, заман талабы тудырып отырған үш тілде еркін сөйлеп, әлемнің кез-келген жерімен еркін байланысқа түсіп жатса еліміздің ертеңінің көркейе түсері сөзсіз.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика