Жігіттер, әскерге аттанайық!

c_410_290_16777215_00_images_2017_18_18-04-07.jpgНиязбек Бижанов,
Таран аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инженері:


Менің ойымша, әскерге бару, сол жолда қызмет ету еліміздің әрбір азаматының міндеті және абыройы. Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарына түскеніме өте қуаныштымын. Өскемен қаласында 2 жыл азаматтық борышымды өтедім.
«Әрқашан әскери ар-намысыңды сақта, солдаттық борышыңа адал бол», «Сын ерді шыңдайды, қорқақты қинайды». «Тәртіпке бас иген құл болмайды». Бұл Бауыржан Момышұлының қазақ азаматтарының жігерін шыңдайтын нақыл сөздері. Иә, «ер ел үшін туады, ел үшін өледі» демекші, қашанда халықтың ұлы болу әрбір жігіттің биігі. Әсіресе, Отан алдындағы борышын өтеп, әскер қатарына қосылу - нағыз азаматтықтың белгісі. Мұны жүрегі қазақ деп соққан әрбір жастың түсінері анық.
Әскери тәртіпті көз­бен көріп, тіршілігін түйген азамат біршама есейеді. Қуыс кеуде болып, қашып жүргеннен не пайда? Одан да әр азамат Отан алдындағы па­рызын өтегені жөн. Бойында қазақтың қаны ойнаған, жүрегінің түгі бар жігіт бұл жауапкер­шіліктен жалтармайды. Күнде ана жанымыздан бір, мына жанымыздан бір қарумен түйреп жатқан жау жоқ. Мамыржай заманда әскерге бару арқылы бұлшық етті жаттықтыруға, күш пен қайратты жинауға болады. Біз жігіттерді әскерден безуге емес, соған жүгіруге жұмылдыру жолында жаппай әрекетке көшуіміз керек.
Егер жансыз жатқан аң-құсты көрсе, қарға оның, ең бірінші, көзін шұқиды. Алайда олар ешқашан бір-біріне ондай залымдық жа­самайды. «Қарға қарғаның көзін шұқымайды» деген содан­ қалған. Бізге қарға­ныкіндей ауызбірлік керек. Татулыққа кенеліп, керек кезде, досың үшін жан қию әскери заңдылықтардан бастау алатыны сөзсіз. Досын сатпаған адам Отанын да сатпайды. Жігіттер, бос белбеу болып жүргенше, әскерге аттана­йық! Тәуелсіз елімізге қызмет етейік!


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика