Майдангер ата-әжелерге мың алғыс!

c_410_290_16777215_00_images_2017_18_18-04-10.jpgҰлы Жеңіс Күні! Бұл сөзді естігенде, қай адамның болмасын есіне сол бір қайғылы күндер мен сол қайғыны ұмыттырған, барша халыққа қуаныш сыйлаған жеңіске жеткен күн түсері сөзсіз.


Жеңіске жеткенімізге биыл 72 жыл толса да, сол бір сұрапыл соғыс әлі де болса ұмытылар емес. Осы тұста неге соғыс ұмытылмайды, неге салған жарасы қаншама уақыт өтсе де жазылмайды деген сұрақ туындауы мүмкін. Себебі, соғыс туралы сөз қозғасақ болғаны, есімізге соғыста ерен ерлік көрсеткен, майдан алаңында көз жұмған батыр аға-апаларымыз бен бүгінде өскелең ұрпаққа өсиет айтып жүрген, көзі тірі ардагерлеріміз түседі. Біз жеңіске қалай және кімнің арқасында жеттік? Әрине, бұл сұрақтың жауабы баршамызға мәлім. Ержүрек аға-апаларымыз жеріне жаудың көлеңкесі түсе бастаған сәтте-ақ қолына найзасын алып, жауға аттанды. Елін, жерін жаудан қорғауды ғана ойлаған ардагерлеріміз өз жанын пида етіп, майдан шебіне қосылып, қасық қаны қалғанша жаумен арпалысты. Жауынгерлеріміз соғыста өздерінің қайсарлығының, алғырлығының, Отансүйгіштігінің арқасында жау әскері көзіне міз қақпай, тік қарап, ақыр соңында жеңіске жетті. Біз сол ата-бабаларымыздың ұрпағы ретінде олардың майдан шебінде көрсеткен ерліктерін дәріптеп, солар сияқты еліміз үшін қызмет етуіміз керек. Күн санап соғыстың бар ауыртпалығын көрген ардагерлеріміздің саны азайып та бара жатыр. Еліміздің жеңіс туын желбіретуіне себепкер болған ардагерлерімізге қаншама алғыс айтсақ та, олардың алдындағы борышымызды өтей алмаймыз. Адам жанын аямайтын жауларға қарсы шығар батырларымыз болмаса, жеңіске жетпесек, бүгінгі күніміздің не боларын кім білсін? Сірә, дінімізді, ділімізді, тілімізді жоғалтып, елдігімізден айырылып, өзге елдің отарында кетер ме едік? Біздің осы күнге жетіп, ашық аспан астында, бейбіт, тәуелсіз елде өмір сүріп жатқанымыз ардагерлеріміздің арқасында. Осыны әрбір елін сүйетін, тарихын білетін азамат түсіне білуі керек. Түсініп қана қоймай, сол ардагер батырларымыздың ерлігін қайталап, келесі ұрпаққа жеңістің біздің қолымызға қандай қиын жолдармен келгенін көрсетуі керек. Ардагер аға-апаларымызға тек осы бір атаулы мерекеде емес, кез-келген сәтте өз алғысымызды білдіруіміз қажет. 9-мамыр - бұл біздің асыл, баға жетпес қазыналарымыздың, яғни ардагерлеріміздің мерекесі. Бұл күнді біз қуанышпен атап өтсек, ардагерлеріміздің көзіне жас келері сөзсіз. Олар қазір жасы келген адамдар болғанымен, соғыс кезінде жап-жас, жалтылдаған жастық шақты басынан кешіріп үлгермеген, ойнап-күлудің не екенін білмей өскен бейкүнә адамдар еді. Жастық шақтары небір ауыр оқиғаларға толы болғанымен, қазір олар бақытты. Себебі, біз, айбынды батырлардың ұрпақтары, ардагерлерге әрдайым көмек қолын созып, оларға сыйластықпен, осы күнге жеткізгеніне алғыспен қараймыз. Өздерінің еңбектерінің зая кетпегендігін, оларды ешбір адам ешқашан ұмытпайтындығын білсе болғаны, бізге бар керегі осы. Қазақстанның өткені ардагерлер есімімен тікелей байланысты болса, бүгіні мен ертеңі бізге байланысты екенін ұмытпағанымыз жөн. Өйткені, олардың ерлігі біздерге аманат. Мың алғыс сіздерге, майдангерлер!

Тайсалмаған жау оғынан ешбірі,
Жауынгердің болды қатты екпіні.
Елі менен жерін қорғап әрбірі,
Рухтылығын, қайсарлығын паш етті.
Қазақтың мынау ұлы дала өлкесін,
Жаудың ойы басып алу болды - мыс.
Еш қорықпай, жеңіс туын тіккізген
Ардагерлер, өзіңізге мың алғыс!


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика