Балалардың құқықтарын қорғау – міндет!

c_410_290_16777215_00_images_2017_22_22-2017-17.jpgБалалар құқығын қорғау – егемен еліміздің басты құндылықтарының бірі. Бұл - бүгінгі қоғам алдында тұрған өткір мәселелердің бірі екендігі де құпия емес. Өйткені, өкінішке орай,бүгінде, бала үшін ата-анасының үйі әрқашан ең қауіпсіз жер бола бермейтінін айғақтайтын фактілер кездеседі. Өңірімізде бала құқықтарын қорғауға бағытталған жұмыстар қандай деңгейде? Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қандай әрекеттер жасалып жатыр? Осы сауалдарға жауап алу мақсатында Таран аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция тобының кәмелетке толмаған істер жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Қарлығаш Демченкоға жолықтық.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық үй ішіндегі мәселе екені түсінікті. Көбіне, бұл жағдайлар әлеуметтік жағдайы төмен, ішімдікке құмар отбасы мүшелері бар жанұяларда орын алады. Балаларға қатысты айтатын болсақ, олар үйде, мектепте және басқа да қоғамдық мекемелерде күнделікті қатыгездік фактілерімен кездесіп отырады, алайда, қоғам бұл мәселеге зейін қоя бермейді. Өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарының сақталу жолындағы қызмет бір сәт тоқтаған емес.Тұрмыстық зорлық деп отырғанымыз, бұл қасақана адам денесіне жүйелі зомбылық әрекет.Тұрмыстық зорлық-зомбылық - күш көрсету, психологиялық, сексуалдық және экономикалық зорлық-зомбылық түрінде болуы мүмкін. Күш көрсету зорлық-зомбылығы деп отырғанымыз, дене күшін қолданып, денені ауыртып, денсаулыққа қасақана зиян келтіру. Психологиялық зорлық-зомбылық, адамның психикасына қасақана әсер ету, оны қорқыту, қорлау, сондай-ақ, психикалық, дене және жеке басы дамуының бұзылуына әкелетін әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу арқылы ар-намысы мен абыройын кемсіту.Сексуалдық зорлық-зомбылық – адамның жыныстық еркіндігіне қауіп төндіретін құқыққа қарсы қасақана іс-әрекет. Экономикалық зорлық-зомбылық – адамды заңмен көзделген құқығы бар тұрғын үйінен, тамағынан, киімінен, мүлкінен, қаражатынан қасақана айыру.

Қарлығаш Ерназарқызы, ауданымызда тұрмыстық зорлық – зомбылыққа қатысты тіркелген фактілер бар ма? Бұл жағдайларды болдырмау мақсатында қандай іс-шаралар өткізілетіні жайлы баяндасаңыз?
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың өз ерекшеліктері бар. Себебі, мұнда бір-біріне жақын, бір үйде тұратын адамдардың арасындағы қарым-қатынас­тар туралы сөз болып отыр, яғни қауіп-қатер төндіруші мен әлеуетті жәбірленуші әрдайым бірге.Көп жағдайда, аталған екі жақ аяушылық танытып, заң жүзінде істің басын ашып шешпейді. Сөйтіп, «жабулы қазан, сол жабулы» күйінде қала береді. Аудан көлемінде тұрмыстық зорлық-зомбылықты,болдырмауға бағытталған жұмыстар полиция инпекторларымен де, мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтармен бірігіп те жүйелі түрде жүргізіліп отырады. Мектептерде әрдайым профилактикалық әңгімелер, дөңгелек үстелдер өткізіледі. Аудан көлемінде, балаларға қатысты,қылмыстық кодекстің 140 - бап бойынша, 2016 жылы тіркелген бір іс бар. Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап, 73- бап бойынша, 31 әкімшілік құқықбұзушылық факт тіркелген, аудан көлемінде 107 адамға ескерту нұсқамасы берілген. Аталған адамдардың барлығымен жүйелі түрде жұмыс жүргізілуде. Профилактикалық жұмыстар қауіп-қатерді азайту, балаларды зейінділікке, сақтыққа, қауіпті жағдайлардың алдын алуға үйрету мақсатымен жүргізіледі.Ондай жағдайларды олар дала немесе үйде де кездестіруі мүмкін.Балаға мынаны түсіндірген жөн: үйде жалғыз болғанда, бөтен адамдарды үйге кіргізбеу керек, бөтен біреудің машинасына отырмау, қыдырып жүргенде, бөтен адамдардан тәтті, сыйлықтар алмау керектігін үйрету қажет, көшенің қараңғы жерлерінен, көпшілік жүрмейтін саябақтар мен стадиондардан аулақ жүруге үйреткен жөн
Қарлығаш Ерназарқызы, сөз соңында, аудан тұрғындарына, оқырман ата-аналарға айтарыңыз бар ма?
Балалардың құқықтарын қорғау мәселесі қашан да өзекті болып қала бермек. Отбасындағы ата-ананың және мектептегі ұстаздардың мінез құлқы – баланың көз алдындағы үлгісі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысаны болып табылады. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, баланы бірлесе отырып тәрбиелегеніміз абзал. Адамдар өз құқықтарын біліп, сауатты болулары да көп жағдайлардың басын шешуде көмек берер еді. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шегіп жүрген әйелдер мен балаларды қолдайтын, Қостанай облысы бойынша сенім телефоны бар екендігін адамдардың бірі білсе, бірі біле қоймайды. Сонымен қатар, кризистік орталық та қызмет көрсетеді. Бұл жерде зардап шеккендер түнеп, өздерін қауіпсіздікте сезіне алады.

P.S Қостанай қаласының кризистік орталық телефоны: 8 (7142) 22-65-32;. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендер үшін сенім телефоны: 8 (7142) 55-81-29.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика