Еңбек жолын туған өлкемде бастаймын!

c_410_290_16777215_00_images_2017_24_24-2017-14.jpgБойында жігері , алдына қойған мақсаты бар, жалынды, дарынды, жас – бұл бүгінгі кейіпкеріміз жайлы бірер сөз. Қарлығаш Қаблашева – Қарағанды Медициналық Университетінің болашақ түлегі, бүгінде, жас интерн Таран аудандық орталық ауруханасында тәжірибеден өтіп жүр. Мамандық бойынша диплом алған соң, өзі туып –өскен Таран жеріне келіп, еңбек жолын туған өлкеде бастамақ ойы бар.

Таран ауданы – кейіпкеріміздің балауса балалық шағы өткен жер. Қарлығаш Қаблашева Май ауылдық округінің мектебінде білім алған. Мектептегі оқуының соңғы тоқсанын Алматы облысы, Қапшағай қаласының №2 – гимназиясында оқып, түлек атанған. Мектепті аяқтаған соң, кейіпкеріміз Қарағанды Медициналық Университетіне, терапия бағыты бойынша, жалпы медицина факультетіне оқуға түседі.
Болашақ мамандығымды таңдау мен үшін қиынға соқпады. Бастауыш сыныпта оқып жүріп-ақ , келешекте ақ халат киіп, көмекке мұқтаж адамдарға қол ұшымды беремін деп ойлайтынмын. Жоғары сыныпқа келгенде, бала арманды өмірлік мақсатқа айналдыра бастадым. Биология, анатомияға көп көңіл бөлдім. Өзімнің сынып жетекшім, Май ауыл округі мектебінің ұстазы Наумова Антонина Николаевна да бастамаларымды ұдайы қолдап, болашақта қалаған мамандық иесі атануыма зор септігін тигізді. Мектеп бітіріп, Республикамыздағы алдыңғы қатарлы университетке түсіп, студент атанғанымдағы қуанғаным әлі есімде. Әрине, алғашқы уақытта қиындықтар болғаны жасырын емес. Бірақ, мамандыққа деген сүйіспеншілік, таңдаған ісіме деген адалдық бәрін де жеңді. Бүгінде, жас интернмін. Оқуымды аяқтауға аз уақыт қалды. Диплом алған соң, білімімді жетілдіру мақсатында, резидентураға түспек ойым бар. Дәрігер маманына біліктілік қашан да көптік етпейді деп ойлаймын.
Кейіпкеріміз білім алып жатқан мамандық бойынша жалпы оқу мерзімі жеті жылды құрайды. Бүгінде, Қарлығаш алтыншы курста. Жас интерн, қазір де, дайын маман. Аудандық ауруханада, кейіпкеріміз күнделікті науқастарды қабылдайды, оларды тексеріп, ауруды анықтап, ем-дом жазады. Аудандық ауруханада Қарлығашқа көмек беріп, қадағалайтын арнайы маман бар. Галия Ногуманова - терапевт дәрігер. Тәжірибесі мол дәрігердің айтуынша, кейіпкеріміз болашағынан зор үміт күттіретін маман. Өз жұмысын жетік біліп, оған аса жауапкершілікпен қарайды.
Қарлығаш Қаблашева өз еңбек жолын туған өлкеде бастайтынын шешіп қойған. “Бұл өлкеде менің балалық шағым өтті, осы жерде мен алғашқы рет мектеп табалдырығын аттадым, бұл мекеннің тұрғындары да мен үшін туғандарымдай. Тәрбие алып, қанат қаққан өлкеден ыстық не болуы мүмкін? Сондықтан, маман атанған соң, туған жерге оралып, оның гүлденуіне өзімнің аз да болса, септігімді тигізу – арманым, ” – дейді кейіпкеріміз.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика