Ел мүддесіне адал еңбек ету парыз

c_410_290_16777215_00_images_2017_25_25-2017-6.jpgҚандай салада болмасын, көрсетілетін қызметтің сапасы оның кадрларының жасаған жұмысына байланысты. Бұл ретте, елдің мүддесін арқалап, халықтың қамы үшін жұмыс жасайтын азаматтар ерекше назарда. Мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби мерекесінің қарсаңында, аудан әкімдігінің кадр бөлімінің жетекшісі Ержан Ақпанбетовпен кездесуді жөн көрдік.


— Ержан Серікұлы, бүгінде аудан әкімдігінде қанша маман жұмыс істеп жатыр?
— Бүгінгі танда, аудан әкімдігнде 151 бірлік қызметші, оның ішінде 142 қызметкер жұмыс жасайды. Жалпы аудан әкімдігіне он үш ауыл округінің әкімдіктері кіреді. Аудан әкімдігінде он екі бөлім бар. Әкімдік аппаратында 21 қызметкер, бөлімдерде 56 қызметкер және ауыл округтерінің әкімдіктерінде 74 қызметкер жұмыс жасауда. Әкімдікте түрлі ұлт өкілдері жұмыс істейді. Атап айтқанда, 83 қазақ, 35 орыс, 15 украин, 3 неміс, 3 белорус, 2 татар және бір чех қызмет жасауда. Әкімдікте қызмет жасап жүрген кадрлардың әрбіреуі жоғары білікті маман.
— Енді, өзіңіз жетекшілік етіп жүрген кадрлар бөлімінің жұмысы жайлы баяндасаңыз?
— Кадрлар бөлімінің негізгі атқаратын қызметі Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес әкімдіктің барлық құрылымдық бөлімдерінің кадрлық іс-қағаздарын жүргізу, кадрлық мәселелерін шешу, персоналдармен жұмысты ұйымдастыру және ішкі еңбек тәртібі ережелерінің орындалуын қадағалайды. Басқаша айтқанда, кадрлар бөлімі әкімдікте қызмет ететін барлық мамандардың жұмысқа орналасқаннан, белгілі бір жағдайлармен жұмысынан босатылғанға дейінгі уақытта олардың «жеке істерін» жүргізу. Қазіргі кезде кадрлар бөлімінің мамандарымен, «Е-қызмет» персоналды басқару ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы жұмыс жүргізіледі. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметке конкурс жариялап, оны өткізу де біздің бөлімнің міндеті болып табылады.
— Ержан Серікұлы, өзіңіз мемлекеттік қызметке қалай келдіңіз? Еңбек жолы неден басталды
— Негізінде, мен Қостанай қаласының Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп — ​интернатының түлегімін. 2006 –жылы Қостанай Мемлекеттік Университетінің «Аграрлық-биологиялық факультетіне» оқуға түстім. 2010-жылы еңбек жолымды өндірісте бастадым. 2012-жылы «Ауылшаруашылық бөлімінің» жетекші маманы болып қызмет істедім. Жұмыс жасап жүріп, «Қарағанды экономикалық Университетінде» заңгер мамандығы бойынша білім алдым. 2014-жылдың қаңтарынан бастап, «кадрлар бөлімінің» бас маманы қызметіне ауыстым. 2016-жылдың қазан айында аталмыш бөлімнің басшысы қызметіне тұрдым. Бүгінде, осы қызметте еңбегімді жалғастырудамын.
— Ержан Серікұлы, Сіздің пікіріңізше, мемлекеттік қызметкер қандай болуы керек? Халықпен тікелей байланысып, көпшіліктің көңілін күпті еткен түйінді жайларды шешуге бірден-бір өкілетті тұлғаға қойылатын талаптар өлшемі уақыт ағымына сай жаңа сатыға көтеріледі емес пе?
— Біз соңғы уақытта « Отаншылдық, ұлттық рух, елін-жерін сүю, қастерлеу, мемлекетке, халқыңа адал болу» деген сөздерді жиі айтамыз. Шын мәнінде отаншылдық — ​тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтау, халқыңа адал, мемлекетіңе қалтқысыз қызмет ету. Кең даланы еркін жайлаған ата-бабаларымыз ел мүддесі жолында басын бәйгеге тіккен. Ешуақытта бас еркіндігін баянды елдіктен жоғары қоймаған. Біздің де мақсат-мүддеміз халыққа, мемлекетке адал қызмет етуге арналуы керек. Кез келген мемлекеттік қызметші халықтың көз алдында жүрген соң, түрлі сынға ұшырайтыны анық. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» дегендей, ең алдымен адал қызмет, әділ шешім, қарапайымдылық және адамгершілік қасиеттер барлық мемлікеттік қызметшінің бойынан табылуы тиіс деп ойлаймын. Себебі, біздің оймызда жеке мүддеміз емес, ең алдымен елдің мүддесі тұрады. Бұл жүктелген міндет.Біз еліміздің келешегін ұстайтын ұрпақпыз. Жастарға артылған жүк салмағы ауыр. Біздің қызметімізге байланысты еліміздің даму бағыты айқындалады. Онда Отанымызға адал қызмет ететін, халықтың қалаулы азаматы болуымыз керек.
— Керемет, мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби мерекесінің қарсаңында, әріптестеріңізді құттықтап, жылы лебізіңізді білдірсеңіз?
— «Тектіден текті туады» дегендей, нағыз патриот, еліне қызмет ететін мемлекеттік қызметкерлер баршылық. Парасаттылыққа ұласатын батырлық пен патриоттықты ұштастырған жастар,»Мемлекеттік қызмет» ұғымдарын жаңа сапалы мазмұнда ұстануы тиіс. Осы орайда Қадыр Мырза-Әлінің мына бір өлеңі есіме түседі.Еңбекқор елім, Сен мағанҚызмет берме, Жұмыс бер- дейді ақын. Ия, басты мақсат қызмет емес, елің үшін еткен еңбегің, жұмысыңнан көрінуі тиісті. Қорытындылай келе айтарым, «Мемлекеттік қызмет» деген ұғымды тек кеңселерде отырып, костюм-шалбар киіп қызмет ету емес, әр мамандық бойынша еліне қызмет еткен азамат пен азаматшаны (тіпті ол аула сыпырушы болса да) да «Мемлекеттік қызметкер» деп атауға ұсыныс жасар едім. Мереке қарсаңында әріптестеріме қызметтеріңізде де, өмірде де сәттілік әрдайым серіктеріңіз болсын дегім келеді.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика