Адильхан Мнайдаров: «Қандай жұмыс болмасын, жауапкершілік таныту – басты қағида»

c_410_290_16777215_00_images_2017_25_25-2017-8.jpgӨз ісіне аса жауапкершілікпен қарап, қызметтік міндеттерін орындауды, мемлекет мүддесі үшін қызмет атқаруды бүгінгі кейіпкеріміз қызмет жолындағы басты қағидасы ретінде ұстанады. Ісіне деген осы құрметінің арқасында болар, жастығына қарамастан, бүгінде қызметтік жолда біраз жетістіктері бар. Мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби мерекесінің қарсаңында, Сіздерді жерлесіміз Адильхан Мнайдаровпен таныстыруды жөн санадық.


Мектепті аяқтаған соң, кейіпкеріміз «Қостанай қаласының автомобильді көлік колледжіне» оқуға түседі. Оны аяқтап, «Қазтұтынуодағы» Қостанай экономикалық колледжінің», заңгер мамандығының студенті атанады. Заң саласының қыр-сырын оқып меңгерген кейіпкеріміз мемлекеттік қызметке деген қызығушылығы студенттік кезде пайда болғаны жайлы айтты. Адильхан Мнайдаров еңбек жолын 2011 –жылы, Мендіқара ауданында, «Халыққа қызмет көрсету орталығының» қызметкері ретінде бастаған.Одан кейін, аудан әкімдігінде «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінде» маман ретінде қызмет жасап, тәжірибесін арттырады.
Біліктілігін арттырып, жоғары білім алған кейіпкеріміз, 2015 жылы Таран ауданының Әділет басқармасына маман ретінде қызметке орналасады. Өзінің ісіне деген жауапкершілігі мен ынтасының арқасында 2016 жылдың желтоқсан айында қызмете жоғарланды. Бүгінде, небәрі жиырма сегіз жасар кейіпкеріміз «Таран ауданының әділет басқармасы» басшысының міндетін атқарушы. Мәслихаттар, әкімдіктер мен әкімдердің нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу, заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметтерін нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету. Сондай-ақ, ҚР зияткерлік меншік саласындағы заңнамасының сақталуы тұрғысында жеке және заңды тұлғаларға тексерулерді жүзеге асыру, заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру секілді жұмыс кейіпкеріміздің құзырында.
Кейіпкеріміз қызметте қатал болғанымен, өмірде өте қарапайым. Алдына қойған мақсаттары мен оларды орындауда жасап жатқан кішкентай болса, да қадамдары бар. Абайдың «ақырын жүріп анық бас» деген тұжырымын ұстанады. Қандай жұмыс болмасын, істеп жатқан қызметіне аса жауапкершілікпен қарау маңызды екендігін кейіпкеріміз ерекше атап айтты. Ал, мемлекеттік қызмет сол жауапкершілікті екі еселетеді. Өйткені мемлекеттік қызметкер болу — ​ол Елбасымыз бастап отырған үлкен топтың бір мүшесі болу деген сөз. Өз мойныңда халықтың мүддесін қорғап, оны абыроймен арқалау деп түсінеді жас маман. «Мемлекеттік қызметті алып жүру — ​бұл азаматтардың бізге деген сенімі. Азаматтардың сенімін ақтау үшін, жауапкершілікті сезіне отырып әрқайсымыз өз міндеттерімізді сапалы орындауға мүдделіміз. Біз, жас ұрпақ, санамызда мүлдем арам ой жоқ. Арманымыз асқақ, қиялымыз ұшқыр. Мемлекет қызметкер болып атақ — ​данқ жинау емес, аласапыран қызу қайнаған заманда, қаймана қазақ қамы үшін аянбай еңбек ету», — ​дейді кейіпкеріміз Адильхан Мнайдаров.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика