«Кез-келген тәуелділік – дерт!» немесе ХХІ ғасыр эпидемиясы жайлы

c_410_290_16777215_00_images_2017_26_26-2017-11.jpgЖаман әдеттердің ең зияны болып табылатын есірткі қолдану әдетінің адам денсаулығына, ақыл-ой және рухани дүниесіне тигізетін зияны жайлы айтпаса да түсінікті. Өкінішке орай, ХХІ ғасырда жаһанданумен бірге қоғамға осы сынды ұғымдар да кірді. «Бұл дерт қаншалықты зиян? Одан арылуға мүмкіндік бар ма? Ауданымызда осы дертке шалдығып, ем алып жүрген науқастар бар ма?» - осы және өзге де сауалдарға нарколог дәрігер Нағашыбай Абишев жауап берді.


- Нағашыбай Сейдилдаұлы, ортаға салып отырған тақырып өте маңызды екенін түсініп отырмыз. Жалпы, дені сау адам бұл жолға қалай түседі? Оған қандай себептер болуы мүмкін?
- Есірткі немесе сол секілді тәуелділікті тудыратын әрекеттерге барудың көптеген себептері болуы мүмкін. Қазіргі уақытта аудандық орталық ауруханада 134 науқас тіркеуде тұр. Олардың ішінде он үші жасөспірімдер. Науқастардың дертке шалдығуларының басты себебі , әрине, білімсіздік.Есірткінің қаншалықты қауіпті екендігін білмеу және бұл мәселеге жеңілтектікпен қарау. Екіншіден, қызығушылық. Оның туындауына, көбінесе, адамның араласатын айналасы септігін тигізеді. Көбіне жастар бір рет көрейін, сосын тастаймын деп өздерін алдайды, әуестілік пайда болғанын өздері де аңғармай қалады. Тәуелділік адамдарды жас ерекшеліктерге бөлмейді.
- Нашақорлыққа шалдыққан немесе есірткі қадылдайтын адамдарды белгілі бір белгілер, не әрекеттер арқылы байқауға бола ма? Мысалы: ата-аналар балаларының есірткі заттарын қабылдайтынын қалай байқай алады?
- Есірткінің әсер ету кезінде – көз сығырайып, жарыққа серпілісі әлсізденеді. Терінің түсі сұрғылттанады. Еш себепсіз көңіл-күйінің бұзылуы – жабығушылықтан, енжарлықтан, ашуланшақтықтан көңілділікке, сергектікке, қозушылыққа дейін көтерілуі байқалады. Жүріс-тұрысының өзгеруі – тұйықтық, жалғандық, жылпостық пайда болуы байқалады. Есірткіні ұзақ уақыт қолданған кезде – дамуының тежелуі, ойлау қабілетінің төмендеуі пайда болады.. Соңғы кездері үй жағдайында есірткі қолдануды анықтауға талдау жасауға арналған экспресс-тестер пайда болды. Олар қағаз тілімі тәрізді олады. Есірткі қолданған адамның несебіне салған кезде, белгілі бір түске боялады.
- Тәуелділік қалай пайда болады, оны туғызатын зиянды заттарды қабылдайтын адамдардың тәртібі немен ерекшеленеді?
- Нашақорлық – есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру.Тәуелділіктің бірнеше түрі бар. Психикалық тәуелділік- есірткіге деген психикалық әуестілігін басқаларға қарағанда мойындағысы келе бермейді. Ол нашақорлықтың бастапқы кезеңінде пайда болады да, мәңгіге қалып қояды. Емдеу мекемелерінде дене тәуелділігінен арылуға болатын болса, ал психикалық тәуелділік емдеудің «сәтсіздігі» себебі өмір бойына қалып қояды. Бұл психикалық әуестілік егерде қандай да бір басқа жаңа қызығушылық, жағымды көңіл-күйге толы жарқын өмір пайда болғанда, жоғалып кетуі мүмкін. Тән тәуелділігі- бұл есірткіге тәндік әуестілік және масаю күйінде тән қолайлығына жету әдісі. Абстиненттік синдром есірткіге немесе уытты затқа дене тәуелділігі болғанда препараттарды қабылдауды бірден шұғыл тоқтатқан жағдайда пайда болады. Наша қолданған жағдайда – өзін жаман сезіну, енжарлық, тежелу, ұйқы басу, мазасыздық секілді белгілер байқалады.
- Айталық, жоғарыда аталған өзгерістер байқалды делік, бұл жағдайда ата-ананың әрекеті қандай болу керек?
- Қандай жағдай болмасын, егерде сіздің балаңыз есірткі қолданып жүргені жайлы сезіктенсеңіз, нарколог-дәрігердің кеңесіне жүгінуден еш қорықпаңыз. Дәрігер сізге диагностика жағдайында да, емдеу жағдайында да қандай әрекет жасау керектігіне көмектеседі. Есіңізде болсын, неғұрлым емдеуді ерте бастасаңыздар, балаңызды құтқаруға деген мүмкіншілігіңіз соғұрлым көбірек болады. Сонымен қоса, жасөспірім шақ – ол бала үшін өте күрделі күйзеліс, көптеген балалар бастарынан бұл кезеңді ауыр өткізеді. Балаңыз қандай дербес, өз бетінше әрекет жасай алатын болса да, оған сіздің қолдауыңыз бен көмегіңіз өте қажет. Ең алдымен, оны тұлға ретінде танып, сыйлай біліңіз, онымен тең дәрежеде қатынас жасаңыз.
- Есірткімен күресудің қандай жолдары бар? Бұл дертке шалдыққан науқастардың ем қабылдау, сауығуға мүмкіндіктері бар ма?
- Нашақорлықты емдеуден гөрі алдын алу жеңілірек болады. Нашақорды емдеу үшін 3-6 айдан бастап 2 жылға дейін уақыт қажет. Мәліметтер бойынша нашақорлардың тек 5%-ы ғана өздігінен қалыпты өмірге оралатыны мәлім. Ал қалған 95%-ы не болады ? Егер бұрын жағдайы нашар ортадан шыққандар ғана нашақор болса, ал қазір бұл эпидемия қоғамның барлық деңгейін қамтып келеді. Нашақорлық ұлт таңдамайды. Есірткіге құмарлық өмір бойы сақталуы мүмкін. Тек санаулылары ғана есірткіге тәуелділікті жеңе алады. Қауіптен құтылудың ең дұрыс тәсілі – оларды ешуақытта татып көрмеу.

P.S Таран аудандық орталық аурухананың нарколог дәрігері Нағашыбай Абишевтің сөздерінен: Негізінде, тәуелділікке әкеліп соқтыратын кез-келген әдет – дерт болып табылады. «Сауығудың жолын іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген дұрыс» - демей ме? Шыны керек, қазіргі кезде адамдар денсаулықтарына немғұрайлықпен қарайтын болып кетті. Денсаулық – құндылық екенін түсінген абзал. Ал, тәуелділіктен арылу ол науқастың өз ниетіне байланысты. Көп жағдайда, науқастарды олардың туыс-туғандары, жақындары алып келеді. Ем қабылдаған олар, уақыт өте келе бұрынғы әдеттеріне басады. Бұл - олардың өзіндік ішкі түйсігі, емделуге деген ниеттерінің жоқтығының белгісі. Тәжірибеде бұл дертке шалдыққандардың арасында емделген адамдар бар. Бұл, көп уақыт пен күшті талап ететін процесс екенін түсінген абзал. Сондықтан, ниет болса, жақсы нәтиже болатыны да анық.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика