Нәзік жанды, қайсар рухты ару

c_410_290_16777215_00_images_2017_26_26-2017-13.jpgТарихта батырлығымен ел жадында қалған арулар аз емес. Ерлермен бірдей еңбекке сыбана араласқан тыныштықтың алдаспаны болған нәзік жандылар қазір де баршылық.Бүгінгі әңгіме,аудандық ішкі істер бөлімінің жас қызметкері – Асель Агадилова жайлы болмақ. Погон таққан бұл жас арудың, жақында ғана қызметте лауазымы жоғарлады. Жақында ғана өткен тәртіп сақшыларының кәсіби мерекесі күні Асель Агадиловамен кездесіп, қызығы мен қиындығы қатар жүретін қызметі жайлы әңгімелесуді жөн көрдік.


Асель Агадилова - Таран аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция тобының кәмелетке толмаған істер жөніндегі учаскелік полиция қызметкері. Жақында ғана кейіпкеріміз полиция лейтенанты лауазымын алды. Қызметтегі әріптестері кейіпкеріміз жайлы, «аз уақыт ішінде мол тәжірибе жинап үлгерген Асель Агадилова қызметін абыроймен атқарып келеді»- деген пікірін білдірді. Уақытпен санаспай, ел тыныштығы жолында еңбек ететін полиция қызметкерлерінің жұмысы оңай емес. Ал бұған ер азаматтардың өзі шыдай бермейді. Ал ,Асель өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып, қырағылық танытып жүр – деп оң пікір айтты.
Кейіпкеріміз жұмысының қызығы мен қиындығы қатар жүретіндігі жайлы айтты. Ол балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықпен күрес жолында қызмет істейді. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық фактілерін болдырмауға бағытталған кәсіптік міндетімен қоса, ұдайы жүргізілетін рейдттік іс-шаралар мен аудан көлеміндегі білім ошақтарында жүйелі түрде ұйымдастырылатын жиналыстар мен тәрбиелік мәнді лекциялар өткізуге атсалысу да кіреді.
Погон тағып, заң саласында адал қызмет жасау кейіпкеріміздің бала кезден арманы болатын. Аселдің бұл сала қызметіне қызығушылық танытуының бірден-бір себебі, әкесі Аралбек Сейткерейұлының заң қадағалау саласында жұмыс істейтіндігі. «Бала кезімнен әкеме қарап қызығатынмын. Сол кезден-ақ бұл сала маманы болу , ел қамын ойлап, халық мүддесі үшін жұмыс істейтінімді білдім. Бүгінде, өзімнен кіші інім де, осы сала мамандығын игеріп жүрген студент...,» дейді Асель Агадилова.
Өзіне жүктелген жауапты істі аса қырағылықпен, абыроймен атқарып жүрген, небәрі жиырма бес жасар арудың мақсаты – қызметтік борышын адал орындап, жетістіктерге жету.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика