«Варваринское» АҚ –ның алдыңғы қатарлы қызметкері жайлы

c_410_290_16777215_00_images_2017_28_28-2017_5.jpgАғымдағы айдың он алтысы күні Қазақстандағы ірі өндіріс орындарының бірі — ​«Варваринское» акционерлік қоғамы республикамыз бойынша ресми түрде тойланатын мейрам — ​кеншілер күнін кең көлемде аталып өтеді. Еліміздің өнеркәсіптік қуатын нығайта отырып, бұл сала мамандары қазақстандық экономиканың өсімін арттыруда бірден-бір септіктерін тигізеді. Мереке қарсаңында, өңірімізде орналасқан, еліміздегі алдыңғы қатарлы «Варваринское» АҚ –ның алдыңғы қатарлы қызметкерімен кездестік. Солардың бірімен Сіздерді жақынырақ таныстырмақшымыз.


Тарандықтар темірді қамырша илеуді, басқа аудан азаматтарымен салыстырғанда, ерте меңгерген. Себебі, мұнда аталған аумақтың 250-ден астам тұрғыны «Варваринское» акционерлік қоғамында қызмет етеді. Тау-кен өндірісіне өз үлестерін қосып, саланың алға басуы жолында аянбай тер төгіп келетіндердің арасында біздің бүгінгі кейіпкеріміз де бар. Асылжан Нұрмұратов — ​«Варваринское» АҚ зауытында жұмыс жасап жүргеніне биыл сегіз жыл болды. Бүгінде, алдыңғы қатарлы қызметкер, бұл зауытта кәсібін қарапайым жұмысшы ретінде бастаған. Кейін зауыт демеушілігімен оқуын жетілдіріп, конвейер-машинист маманы атанды.
Асылжан Қуанышұлы Өзбекстан елінің тумасы. Балалық шағын Тандыр өңірінде өткізген. Сол жерде білім алып, мектептегі оқуын аяқтап, Заравшан қаласындағы техникалық колледжде, ауылшаруашылығы мамандығын игереді. 2005 — ​жылы Рудный қаласына көшіп, үш жылдай уақыт көлемінде комбинатта жұмыс жасайды. 2009- жылы отбасымен Таран ауылына көшіп, «Варваринское» АҚ зауытына қызметке орналасады. «Мұндағы өзіммен бірге жұмыс жасайтын әріптестерім саланы, дамытуға күш салуда. Темірдей төзімділіктері мен адал қасиеттері үшін оларға қандай құрмет көрсетілсе де, әбден лайық деп ойлаймын,»- дейді Асылжан Нұрмұратов.
Кейіпкеріміз вахтамен жұмыс жасайды. Заутта қызметкерлерді тасымалдайтын арнайы көлік бар. Қызметкерлердің тамақтану жайлары да қарастырылған. Бүгінде, Асылжан Нұрмұратовтың қызметіне: конвейерді бақылау, белдіктерді реттеу, аударым скаттарының жұмысын бақылауда ұстау секілді жұмыстар кіреді. Зауытқа әкелінген руда кейіпкеріміздің қолынан өтеді. Айта керелгігі, кейіпкеріміздің туған екі ағасы да осы заутта қызмет істейді. Нұраддин Қуанышұлы — ​электр дәнекерлеушісі, ал Женісбек Қуанышұлы — ​механикалық жөндеу саласының маманы.
Кейіпкеріміз көпбалалы отбасында тәлім алған. Бақытгүл Тұрманова (анасы) дүниеге жеті перзентті әкелген алтын құрсақта ана. «Жеті ұлыма да, бала кездерінен еңбекпен тапқан нанның қаншалықты тәтті болатының үйретуді мақсат еттім», — ​дейді өз сөзінде қарт ана. Бүгінде, Асылжан өмірлік жолдасы Гүлнұр Ералиевамен бірге, Медеу мен Нұрислам есімді екі ұлды тәрбиелеп отырған әке. Кейіпкеріміз отбасын басты байлығы деп біледі. «Адамға өмірінде ең қымбаты — ​отбасы. Үйде жақындарын мен балаларың күтіп отырса, одан артық не бар. Алдыңнан ұлдарын жүгіріп шықса, шаршағаныңды бір сәт ұмытасың. Жұбайым, ұлдарым және жақындарым маған күш-қуат береді,»- дейді жанұя тірегі Асылжан Нұрмұратов.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика