«Жастар 2012» бірлестігінде жаңа төраға!

c_410_290_16777215_00_images_2017_28_28-2017_6.jpgЖан-жақты, жалынды, жігерлі. Бұл бүгінгі мақала кейіпкері жайлы бірер сөз. Таныс болыңыздар, Капар Каблашев. Небәрі жиырма бір жастағы кейіпкеріміз, бүгінде, жастығына қарамастан, ұстаздық етіп жүр.

Сонымен қатар, аудан, облыс көлеміндегі қоғамдық іс-шараларға етене араласуда. Тағы да бір сүйінші жаңалық, Капар Каблашев жақында ғана Таран аудандық «Жастар 2012» бірлестігінің төрағасы болып тағайындалды. Сіздерді кейіпкерімізбен жақынырақ таныстырып, оның қызметтегі жоспарларымен, бүгінгі күнге дейін атқарып үлгерген жұмысы жайлы сөз қозғау мақсатында жас дарын иесімен кездестік.
Капар, бәрімізге белгілі, биылғы жыл еліміз үшін олжалы, Сіз үшін де бұл жыл сүйінші жаңалықтарға толы екенін білеміз. Сізді Май аулының орта мектебінің ең жас ұстазы ретінде танимыз, оған қоса, жаңа іскерлікке тағайындалдыңыз. Қызметтік жол қалай және неден басталды?
Мен, Таран өлкесінің төл тумасымын. Балалық шағым Мариновка ауылында өтті. 2003 –жылы Май ауылының орта мектебін тәмамдап, «Рудный социалды- гуманитарлық колледжіне» , бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша оқуға түстім. 2016 жылы бұл оқу орнын үздік аяқтап, ЖОО – на түстім. Бүгінде, өзім түлеген Май ауылының орта мектебінде ұстаздық етіп жүргеніме бір жылдан асты. Алғашында, қызметте қиындықтар болғаны шын. Дегенмен, әріптестердің қолдауы мені әрдайым жігерлендіріп отырды. Сонымен қатар, мен бастауыш сынып ұстазымын. Бұл, маған қойылған жауапкершіліктің екі есесі деген сөз. Негізі, оқушы кезімнен бастап мені түрлі қоғамдық іс-шаралар қызықтыратын. Сондықтан, мектеп шағымда да, студенттік кезде де, ұстаз болып жүріп те, бұл істі тастамадым. Жақында ғана «Жастар 2012» қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып тағайындалдым.Бұл осыған дейін жасалған жұмыстың жемісі деп білемін. Аз ғана уақыт ішінде «Жастар ресуртық орталығымен» бірлесе отырып, көлемді іс-шаралар өткізіп үлгердік. Ағымдағы айда бірқатар іс-шараларды өткізуді жоспарлап отырмыз. Атап айтсам: жұмыс басты жастардың арасында КТК, жастардың қатысуымен көлемді дөңгелек үстел, тамыз айында «Отан қорғаушылары» атты спорттық-туристтік іс-шаралар. Жаныма жақын кәсіп тапқанымды мақтан тұтамын.
Капар, Сізді жерлестеріміз керемет дауыс иесі ретінде де жақсы таниды. Өнерге деген құлшыныс қашан пайда болды? Бұл іспен кәсіби түрде айналысасыз ба? Өнерден басқа қандай қызығушылықтарыңыз бар?
Өнерге деген қызығушылығым бала кезден байқалды. Мүмкіндік бол қалған жағдайда, әрдайым ән айтамын (күледі). Өнерге кәсіби түрде қарау студенттік кезде басталды десем болады. Аудандық, облыстық деңгейдегі түрлі байқауларға, іс-шараларға қатысып жүрмін. Екі жыл көлемінде Рудныйлық «Mix Band» тобының мүшесі болдым. Орындайтын әр композицияға ерекше қараймын. Жаныма жақын дүниелерді орындағанды жөн санаймын. Жас адам ретінде, әрине, лирика, махаббатқа байланысты туындылар жаныма жақын.
Тәуелсіз елдің азаматы ретінде, нені армандайсыз? Осы жасқа дейін Мемлекет Сізге не берді? Өмірлік ең басты құндылық не деп санайсыз? Өзіңіз секілді жастарға айтарыңыз бар болар?
Мемлекет, ең алдымен, маған бостандық берді. Білім алуға, қызметтік жолды бағыттауда тандау жасауға, бастамаларымды іске асыруға мүмкіндік берді. Тәуелсіз елдің азаматы екенім – мен үшін зор мақтаныш! Қазір айналысып жүрген ісім өзіме жақын. Дегенмен, әлі де өзімді жетілдіріп, жаңа қырларымды танытқым келеді. Бастысы, елімнің өркендеуіне аз болса да, септігімді тигізсем бе деймін. Өзім үшін өмірлік басты құндылық отбасым деп білемін. Отбасы – шағын команда тәрізді. Ал, қолдау беретін жақындарын, жаңкүйерлерін болғанда, жеңістерге жету әлдеқайда жеңіл деп ойлаймын. Өзіңді демейтін жақындарыңнын барын білу, олардың махаббатын сезіну – бақыт деп санаймын. Өзім секілді жастарға, алға мақсат қойып, кішкентай болса да қадамдармен соған жетіңіздер дегім келеді. Алда түрлі сындар, қиыншылықтар болатыны сөзсіз. Дегенмен, бастаған ісіңнің жемісін көру, бұл сындарға төтеп беруге тұрарлық деп санаймын.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    В 1905 году в Ново-Ильинском открылась деревянная школа, носившая название- Дамбарская русско-казахска ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Директор Ново-Ильинской школы в 1918 году- Решетняк Василий Прокофьевич. В 1926/27 г. округом выделены ...

    Подробнее...

     
  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика