EXPO – 2017, Айтулы оқиға аясында

c_410_290_16777215_00_images_2017_29_29-2017-13.jpgEXPO – 2017 көрмесі - тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның халықаралық сахнадағы ең үлкен жетістігі! Ор­талық Азия мен ТМД елдері бойынша ең алғашқы болып мәртебелі шараны ұйымдастыру біздің еншімізге бұйырды. Бұл тарихымыздағы айтулы күн әлемде тәуелсіз Қазақ елінің абыройын асқақтатар оқиға. Өңір тұрғындарының бірқатары аталмыш көрмеге қатысып, павильондарды тамашалап үлгерді.

Айтулы оқиғаға куәгер болып үлгерген жерлесіміздің бірі - Тобыл өңірінің тұрғыны Аманжол Есмағамбетов.
«Бір күн ішінде барлық павильондарды аралап шығу мүмкін емес. Ресей мен Германия елдерінің павильондары көңілден шықты. Шри-Ланка мен Африка елдерінің көрмесі қатты ұнады. Бұл елдердің өкілдерінің қонақжайлылықтары соншалықты, біз бұл ел павильондарына бірнеше рет бардық. Көршілес Өзбекстан елінің өкілдері де жағымды пікір қалдырды. Фин, Латвия, Италия елдері өкілдері өз шығармашылықтарымен ерекшеленді. АҚШ, Япония, Оңтүстік Корея елдерінің павильондарына өте үлкен кезек болды. Дегенмен, бұл павильондарды тамашалау қолдан келді,» - дейді Аманжол Бауыржанұлы.
Тамашалап үлгерген барлық павильондардың арасында ерекше әсер қалдырғаны қайсысы деген сұраққа, кейіпкеріміз ойланбастан, Қазақстанның павильоны деп жауап қайтарды. ЭКСПО көрмесіне енді қонақ болатын азаматтарға, ол барлық елдердің павильондарын тамашалап барып, Қазақстанның көрмесіне қатысу керек деп кеңес береді. «Өзге елдердің павильондарымен салыстырып, біздің елдің қаншалықты озық екенін байқауға болады. Біздің елдің павильоны – көрменің орталық объектісі. «Нұр Әлем» павильонының бірінші қабатында Ұлттық павильон орналасқан. Мұнда 2 аумақ бар. Біріншісінде, еліміздің салт-дәстүрі, мәдениеті мен тарихын көрдік . Екінші аумақ «жасампаз энергия» деп аталды. Онда қазақстандық ғалымдардың баламалы энергетика саласындағы ең үздік жобалары қойылған. Жалпы, павильон 8 қабаттан тұрады. Павильонда «Болашақ энергиясының музейi» орналасқан. Музейде Қазақстанмен таныстыратын аумақ пен негiзгi энергия көздерiн тамашалауға болады. «Нұр Әлемнiң» әр қабатында сан алуан тақырыптағы экспозициялар орын тепкен», – дейді ЭКСПО көрмесін тамашалап үлгерген жерлесіміз.
ЭКСПО көрмесін тамашалаған азамат ретінде, ерекше ілтипатымды көрмеде жұмыс жасап жүрген ерікті жастарға (волонтерларға) айтқым келеді. Бұл азаматтар келген қонақтардың көңілдерін табуға барынша тырысып бағуда. Өкініштісі, әлемдегі ең ғажайып көрініс – «Дю – Салей» циркіне бара алмағаным. Аталмыш іс-шараға билеттерді екі күн бұрын алу керек екен. ЭКСПО көрмесінің маңындағы сатылатын тамақ пен сусындардың бағасы да қолжетімді екенін де тілге тиек етті кейіпкеріміз.
Көрмені тамашалап келген жерлесіміздің, ЭКСПО-ға әлі қонақ болып үлгермеген азаматтарға айтар кеңесі де бар. Оның айтуынша, киім үлгісі бос болу керек. Ыңғайлы аяқ киім, міндетті түрде, бас киім киген жөн. Арқалап жүретін сөмке алған дұрыс. Себебі, кешкі уақытқа дейін, өзіңізбен алған керек-жарақтарыңыз екі еселенеді.
Жерлесіміздің айтуынша, «жүз рет естігенше, бір рет көрген» дұрыс. Еліміздің айбынын асқақтатқан ЭКСПО көрмесі, шынымен, тамашалауға тұрарлық іс-шара екенін айтты. Сөз соңында, Аманжол Бауыржанұлы әлемдік деңгейдегі көрмені тамашалауға мүмкіндік берген өзі қызмет істейтін «Тобыл» МКШ директоры Тансықпай Садықовқа риза


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика