Бұл мамандық бала кезгі арманым еді

c_410_290_16777215_00_images_2017_29_30-2017-14.jpgЖұдырықтай жүрегіне жылылық пен ұлылық ұялаған әйелдердің қоғамдағы, жалпы, адамзаттың өмірінде алатын орны біртөбе. Әйел, алдымен ,отбасының ұйытқысы, ең бастысы, «Ана» деген киелі ұғымның нышаны.Әңгіме отбасы мен жұмысты қатар ұстаған әйел –Ана, әйел – жар, әйел – басшы жайында болмақ.


Саулегуль Оракбайқызы, аудан тұрғындары Сізді мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы ретінде таниды. Оқырмандарымызға өзіңіз жайлы, балалық шағыңыз бен оқушы кезіңіз жайлы, өзіңіз тәрбие алып, қанат қаққан отбасыңыз жайлы айтып берсеңіз?
Менің кіндік қаным тамған жерім Қарағанды облысы. Балалық шағым да сол өлкеде өткен. Анам - Амина жеті перзентті дүниеге әкелген алтын құрсақты ана. Бар өмірін бізге тәрбие беріп, отбасы жайына арнаған жан. Әкем – Оракбай, еңбек адамы. Бар саналы ғұмырында теміржолда қызмет еткен. Алдыңғы қатарлы партия мүшесі болған. Теміржол саласының абыройлы қызметкері атағының иегері. Бауырларымның барлығын оқытып, жоғары білім берген. Көпбалалы отбасында өскендіктен болар, ата-анамыз бала күнімізден бізді еңбекке баулитын. Ата-анамыз сауатты кісілер болатын. Бізді де қолдарынан келгендерінше оқытып, барынша күш салатын. Бүгінгі күні жеткен жетістіктерімізді ата-анамыздың берген адал тәлімінің арқасы деп білеміз. Қазір, өзімнің де отбасым, жиырма бес жастағы жалғыз ұл балам бар. Атасының қызметтік жолын қуып, ол да теміржол саласының қызметкері болуды жөн көрді. Өкінішке орай, ата-анамыз өмірден ерте озды. Бала кездегі ақжаулықты анамыздың айтқан ақылын, әкеміздің айтқан тәлімдік әңгімелерін қазір де жылы лебізбен еске аламыз.
Мамандықтың бұл саласын таңдауға не түрткі болды? Қызметтік жол неден басталды?
- Негізі, бала күнімнен ақ халат киіп, медицина саласының қызметкерлерінің жұмысына қызығушылық танытатынмын. Өсе келе, анам да бұл қызығушылығымды құптап, әрдайым қолдау көрсетуге тырысты. Анам «қыз баланың ақ халат киіп, медицина саласында жұмыс жасағаны дұрыс», - деп айтатын. Айта кетейін, үйдегі жеті баланың, қыздардың барлығы медицина саласының қызметкерлері. Ұлдар болса, әкемнің жолын қуып, теміржол саласына қызмет етуді жөн көрді. Орта мектептегі білімімді аяқтаған соң, Қарағанды қаласының медициналық мемлекеттік институтына «Гигиена мен эпидемиология» мамандығына оқуға түстім. Студенттік шақ өмірдегі ең бір қызықты кезең болды десем артық айтпағаным. Институтта бізге жоғары дәрежелі профессорлар, ұстаздар сабақ берді. Сол кісілердің біліктіліктерінің арқасында, таңдаған мамандығыма деген қызығушылығым, жасаған таңдауымның дұрыстығына тағы бір мәрте көз жеткіздім. Қызметтік жолым Құсмұрын жерінде, санитарлық эпидемиялық орталығында басталды. Қызметтік саланы реформалау кезінде, 2005 –жылы «шекаралық санитарлық қызметке» ауыстым. 2010-жылы Таран жеріне келдім. Қазір Таран ауданы мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы қызметіндемін.
Саулегуль Оракбайқызы, өзіңізбен бірге қызмет етіп жүрген адамдар жайлы, ұжымыңыз жайлы не айта аласыз?
Негізінде, біздің саланы бөліп қарастыру, өз басым, әбестік деп есептеймін. Біз аудандағы барлық ұйымдармен ұдайы тығыз қарым-қатынастамыз және әрдайым солай болуы тиіс деп санаймын. Қазір, ұжымда төрт қызметкерміз. «Сан емес, сапа маңызды» емес пе? Ұжымдағы қызмет жасап жүрген мамандардың барлығы жоғары санатты, өз жұмыстарын жетік білетін мамандар. Жалпы, өзімді жолы болғыш адамдардың қатарына жатқызамын. Себебі, қызметтік жолда кездескен адамдардың барлығы өз істеріне тиянақты, өз жұмыстарын «5-ке» білетін мамандар.
Сіздің құзырыңыздағы жұмыстың міндеттері қандай? Бүгінде, аудан көлеміндегі санитарлық эпидемиологиялық жағдай қандай? 2017-жылдың бірінші жартыжылдығында қандай жұмыс атқарылып үлгерді?
Санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау өз міндеттеріне:құрылымдық бөлімдердің барлығының бірлесіп әрекеттесін ұйымдастыруды, халықтың санитарлық – эпидемиологиялық сауаттылығын қамтамасыз ету жөнінде шешім шығарып, олардың орындалуына бақылау жасау, салаға байланысты іс-шараларды өткізу жұмыстарына бақылауды жүзеге асыру,басқарма қызметіндегі заңдылықтың сақталуына бақылау жасау секілді жұмыстар кіреді. Жай сөзбен айтқанда, аудан көлеміндегі санитарлық-эпидемилогиялық жағдайды тұрақты, қалыпты жағдайда ұстау міндетіміз болып табылады. 2017-жылдың алғашқы жартыжылдығы қызметтік сала үшін оқиғалы болды. Елбасының үкімет жүйесін мінсіздендіру мақсатында жарғы шыққан болатын. Бұл жарғыға байланысты елімізде «Денсаулық сақтау министрлігі» құрылды. Министрліктерді қайта құру кезінде, қоғамдық денсаулық сақтау орталығы құрылған болатын. Бұл орталыққа біздің бөлім де кірді. Жаңа заңның енгізілуіне байланысты, бөлімнің құзырындағы бұрынғы қызметіне қоса, медициналық қызмет сапасына бақылау жасау , сондай-ақ, денсаулық сақтау функцияларын басқару міндеті қосылды. Бірақ, өзгерістерге қарамастан, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету біздің басты мақсатымыз болып қала бермек. Негізі, аудандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты деуге болады. Алғашқы жартыжылдықта аудан көлемінде қызылша, көкжөтел, эпидемиялық паротит, менингококк ауру тіркелген жоқ. 2016-жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда, өткір ішек жұқпасы ауруының төменделуі байқалады.Жартыжылдың ішінде 102 қадағалау және бақылау объектісі тексерілді. Тексеріс қорытындысы бойынша, 36 объектіге 1905960 теңге көлемінде әкімшілік жаза қолданылды.
Аудандық санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бақылауындағы объектілер арасында басымдылық қойып қадағалауға бағытталған қандай ұйымдар бар?
Санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау бақылауына ерекше назарға ілігетін, әрине, балабақшалар мен оқу орындары. Сонымен қатар, тіршіліктің көзі болып табылатын су факторы ерекше бақылауға алынады. Тұрғындарды сапалы, таза сумен қамтамасыз еткен маңызды. Күнделікті тіршілікте лас суды пайдаланудың кесірінен туындайтын түрлі аурулардың болатынын бәріміз де жақсы білеміз. Сондықтан, маман ретінде, бұл факторға аса назар берген жөн деп білемін. Судың сапасын анықтау мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің қызметкерлерімен ұдайы судың динамикасы анықталады. Жүйелі түрде судың санитарлық – микробиологиялық құрамы тексеріледі. Айта кетейін, бұл жұмыс тек қана біздің құзыретіміздегі су жүйелерінде ғана емес, сонымен қоса, қараусыз қалған орталықтандырылған және орталықтандырылмаған су құбырларында да жүргізіледі. Лас су кесірінен адамдар ішек инфекциялары мен түрлі ішек ауруларына, тағам улануларына шалдығулары әбден мүмкін. Тәжірибе жүзі аудан көлемінде бұл ауруларға шалдыққан науқастардың саны, әсіресе, жаз айларында өсетінін көрсетеді. Сонымен қатар, тағам өнеркәсібінде жұмыс жасайтын қызметкерлер біздің аса қадағалауымызда.
Саулегуль Оракбайқызы, жұмыс барысында туындайтын қиындықтар бар ма? Мүмкін, аудан тұрғындарына айтарыңыз бар болар?
Қазіргі кезде алаңдататын, адамдардың екпеден бас тарту жағдайлары көбейіп барады. Бұл жағдай аудан көлемінде де, жалпы республика көлемінде де орын алуда. Қостанай облысы бойынша соңғы төрт жыл көлемінде екпеден бас тарту жағдайы 1,6-ға өскен. Екпеден бас тартатындардың басым бөлігі 2-5 жас аралығындағы балалар. Таран ауданында екпеден бас тарту жағдайларының пайыздық көрсеткіші 5,5% құрайды. Қазір адамдар, әсіресе, жас ата-аналар денсаулық сақтауға байланысты, басқа да мәліметті ғаламтор желілерінен алады. Олардың көбісі ғаламтор жүйелеріндегі ақпарат жалған немесе шындыққа жанаспайтындығын ескермейді. Екпеден бас тартуды ақылсыздыққа жатқызамын. Мұны жауапкершілігі жоқ, балаларының болашағын ойламайтын ата-аналар жасайды. Екпе жасалса, халықтың, оның ішінде, өз балаларымыздың дені сау болады. Балалардың өліміне себеп болатын індеттер ауыздықталады, дені сау жаңа буын өседі. Балаларға екпе жасау (вакцинация) – адамзаттың үздік жетістіктерінің бірі. Екпе арқылы жер шарында миллиондаған бала өлімнен, мүгедектіктен аман қалды. Бір кездері талай тағдырды үзген шешек (оспа) ауруының жойылуы бұл сөзіміздің дәлелі. Инфекция адам таңдамайды. Егер егу жұмыстары жаппай жүргізілмесе, қоғамда қолайсыз жағдайлар туындауы мүмкін. Жұқпаға қарсы егілмеген бала сол жұқпалардың қайнар көзі болып саналады . Ал егілген бала, тіпті, ауырып қалған жағдайда да, ауруы өте жеңіл түрде өтеді.Сондықтан, тұрғындарды, әсіресе, жастарды денсаулықтарына немғұрайлы болмауға шақырғым келеді. Сонымен қатар, қарапайым жеке бас гигиенасын қадағаламау салдарынан пайда болатын аурулар да бар. Мысалы, мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы, яғни ұжымдардағы, көп адамдармен қатынаста болатын балаларда, сонымен қатар, халықтың әлеуметтік халі нашар топтарда көп кездесетін педикулез ауруы. Көбіне адамдар бұл ауру жайлы айтуға ұялады. Бұл мәселені өздерінше шешкенді жөн көреді.
Тұрғындар дұрыс тамақтану, азық-түлік тағамдарын таңдаған кезде оның шыққан күніне, жарамдылығына аса назар қойып қараса деймін. Ата-аналарға берер кеңесім, балаларды кішкентай кездерінен бастап қарапайым тазалық әдеттеріне баулыған жөн. Педикулез ауруымен күресте алдын алу шаралары, жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау болып табылады. Бит табылған жағдайда дәріханаларда сатылатын арнайы педикулез ауруларына қарсы жабдықтарды қолдану арқылы денеде, киімде, ішкиімде, басқа да заттар мен нәрселерде санитариялық өңдеу жүргізу қажет.
Саулегүль Оракбайқызы, қойған сауалдарымызға берген тұшымды жауаптарыңыз үшін Сізге алғысымызды білдіреміз!


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика