Жұмысты жоспармен атқарған жөн

c_410_290_16777215_00_images_2017_29_31-2017-6.jpgСалауатты өмір салтын ұстанып қана қоймай, оны қатарластары мен айналасындағы адамдардың арасында дәріптеп жүретін адамдарды көргенде көңіл қуанатындығы шындық. Бүнігі мақалада біз Сіздерді Ильяс Калиевпен таныстырмақпыз. Бүгінде, жас спортшы Б.Майлин атындағы орта мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып қызмет жасайды. Сонымен қатар, тұрғындарға жеке жаттығулар өткізіп, тәлімгерлерін жақсы әдеттерге баулып жүрген жайы бар.


Ильяс Әулиекөл жерінің тумасы. Тимофеев орта мектебін аяқтаған соң, «Қостанай индустриалды – педагогикалық колледжіне» дене шынықтыру және спорт факультетіне оқуға түседі. Оны тәмәмдап, білімін жетілдіру мақсатында «Қостанай Мемлекеттік Педагогикалық Университетінде» оқуын жалғастырады. «Ильястың спортқа деген ерекше көзқарасы бала күнінен байқалды. Мектепте оқып жүргенде жеңіл атлетикамен айналысты. Осы спорт түрінен Қазақстан чемпионатына қатысып, жеңімпаз атанған болатын. Қысқы көпсалалы спорт түрінен Қазақстан чемпионы атанды. Мектепті аяқтаған соң, тек қана шаңғы спортымен айналыса бастады. Қазақстан кубоктарына қатысып, қанжығасына жүлделі орындарды байлады », - дейді анасы. Айта кетейік, ол тәрбие алған Шунгурбаевтар отбасының барлық мүшелерінің спортқа тікелей қатысы бар адамдар.Тіпті, үш жасар Ильгиз (інісі) биыл алғашқы рет мұз айдынында сырғанауға арналған конькиге тұрды, ағасы Марс пен жеңгесі Индира , апасы Әйгерім де кәсіби түрде шаңғы тебумен айналысады. Рәзиля апамыз (анасы) болса, Қарағанды қаласында өткен Зейнеткерлер арасындағы Қазақстан Чемпионатында жеңіл атлетикадан жеңімпаз болып қайтты.
Бүгінде, небәрі жиырма жасар кейіпкеріміздің спорт саласында жеткен жетістіктері баршылық. Ильяс Айдарханұлы Таран аудандық спорт мектебінде тәлімгер болып жұмыс жасайды. Балаларды салауатты өмір салтына баулып жүрген жайы бар. Сонымен қатар, ауылда жаңадан ашылған фитнес орталықтың келушілерін жаттықтырады. «Адамдардың ағзалары әртүрлі, сондықтан, спортқа жаңадан келген адамдардың әрқайсысына ерекше өзіне тән жаттығулар жүргізген жөн. Оған қоса, тамақтану тәртібін де өзіне пайдалы, әрі ыңғайлы етіп жасағаны дұрыс» , - дейді спортшы жерлесіміз.
Ильяс Калиев өз сөзінде, жоспармен жұмыс жасаған дұрыс екенін айтты. Өзі де осы қағиданы ұстанады екен. «Жоспармен жұмыс жасаған адамның жұмысы да жүйелі болады» , - дейді кейіпкеріміз. Жас спортшы жерлесіміздің армандары мен алдына қойған міндеттері көп-ақ. Дөптеген мақсаты біреу – артына аздаған болса да, ізгі іс қалдыру.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика