Қазақтың ерке қызымын

c_410_290_16777215_00_images_2017_29_31-2017-5.jpgМен қазақтың қызымын қара көзді,
Қалам алып ақындықты пір тұтқан. 
Ақұштап, Фаризаның жалғасымын, 
Солар салған сүрлеумен жүріп келем. 
Өмірден өз еншімді алып келем, 
Аламын деп қолыма қалам алдым. 
Халқыма сөз маржанын төге берем.
Ол – өнерге құштар жас дарын иесі, Ару қыз. Оны «бала» деп атау әбестік болар, себебі ,көкірегіне түйгені мен санқилы өмірден ұққаны мол. Ару Баймурзаева балалығын ақындықпен ұштастырғандықтан болар, қатарластарынан да ерекше. Жаны нәзік. Жалындаған жас жүрегі махаббатқа толы, ол - поэзияға деген махаббат...
Шабыт 
Соңғы кезде өлең жазу мұң болды ғой , 
Шабытым шарықтап кетті менен. 
Уа, шабытым, бойымнан кеткенің бе ? 
Бар кезінде бағаңа жетпедім бе ? 
Оралмастай боп енді өткенің бе ? 
Кезінде қадіріме жетпеп едің, 
Ал, енді өзің тауып жет дедің бе ? 
Шабытымның есігін тарс жабамын, 
Енді мен жыр жазудан бас тартамын. 
Талай айттым бұл сөзді қиналғанда, 
Жеңіліс өзегімді өрт қылғанда, 
Анашымның бір сөзі медеу болды. 
Сүрінерсің, жаным, сен тұрарсың да, 
Шабытымның есігін айқара ашып, 
Енді мен жыр жазуды қолға аламын.
Ақындық ата – тегінде бар. Әдебиетке деген махаббат ана сүтімен дарыған. Ұстазым – Жұман Төлегенқызының да құштарлығымды оятудағы тигізген септігі мол дейді кейіпкеріміз. Қайғы келсе, қарсы тұр, құлай берме деген өсиетті өмірлік ұстанымына айналдырған кейіпкеріміз , өзінің барлық жеңістерін асқар тау тірегі – Жарқынбай Сүлейменов пен қамқоршысы анасы – Рита Ботбаеваның тәлімінің арқасы деп біледі.
Әз бабам. 
Әз бабам, туған жерге барсам деймін , 
Бір уыс топырағынан алсам деймін. 
Сиынып пірім болған Абайыма, 
Өз көзіммен Семейін көрсем деймін. 
Мен ақын боп жырладым тек Абайды , 
Поэзияға тәй- тәй басқан мен ұрпағың.
Қолдай көр, демеу болшы, Ұлы Абайым. 
Әркез сен деп бастадым жырдың басын.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика