Латын әліпбиіне көшу - жаһандану талабы

c_410_290_16777215_00_images_2017_32_32-2017-12.jpgҚазақстан тәуелсіздігін жариялаған кезден бастап қазақ лингвистері мен зиялы қауымның арасында латын әліпбиіне көшудің пайдасы мен зияны туралы пікірталастар жүріп жатыр. Латын әліппесіне көшу жөнінде Таран ауданының «Тілдерді оқыту орталығының» директоры Ақтолқын Кафизовамен сұхбаттасқан болатынбыз.


- Ақтолқын Оразқызы, латын әліпбиіне көшуге не негіз болды?
- Президент «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» атты мақаласында қазақ тілін латын әліпбиіне кезең-кезеңімен көшуін бастама етіп көтерді. Бұл ретте, латын әліпбиіне көшудің негізінде, бір жағынан, терең тарихи логика, ал екінші жағынан, Қазақстан дамуының қазіргі кезеңінің ерекшелігі, қазіргі ХХІ ғасырдағы ғылым-білім беру процесі үшін маңызы зор әлемдегі технологиялық орта және коммуникация ерекшеліктері жатыр. Қазақ тілін латын жазуына көшіру туралы ұсыныс, жаңа әліпби дайындау және құжат айналымы мен кітап басып шығаруды латын тіліне ауыстыру қазақстандықтар үшін кенеттен туындаған мәселе емес. Бұл мемлекеттің мақсатты түрде және кезең-кезеңмен бет алған бұрыннан мәлімделген мақсаты. Латын жазуына кезең-кезеңмен көшу туралы мәселенің жаңа «Қазақстан – 2050» стратегиясында» көтерілуі қисынды. Президенттің 2012 жылғы «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында қазақ тіліне жаңғырту жүргізетін кез келді делінген. Қазақ тілі «Қазақстан халқын біріктіруші болуға тиіс».
- Латын әліппесіне көшу үрдісі қандай міндеттерді талап етеді?
- Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ жазуын латын графикасына көшіру тақырыбын нақтылай келе, мамандар мен Үкіметтің алдына мынадай міндеттер қойды: 2017 жылдың соңына дейін жаңа графикадағы қазақ әліпбиінің бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау. 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді оқытатын кадрлар даярлау мен орта мектептерге арналған оқулықтар даярлауды бастау.
Қазақ тілін латын қарпіне көшірудің нақты кестесін әзірлеу. 2025 жылдан бастап ісқағаздарын латын қарпінде жүргізу, мерзімді баспасөзді, оқулықтар мен басқа басылымдардың барлығын латын қарпінде жариялау. Қазақ жазуын латын графикасына көшіру қажеттілігі туралы айта келе, Ұлт көшбасшысы қазақ тілін латын қарпіне көшіру процесі жақсы дайындықпен және байыпты түрде жүргізілуге тиіс деп атап көрсетті. Бұл біздің әлемдік өркениетпен ықпалдасуымызға, ағылшын тілін және интернет тілін үйренуімізге жағдай жасайды.
- Не үшін кирилл қарпінен бас тартуымыз керек және не үшін қазақтар 900 жыл бойы пайдаланған арабтың өрме жазуын емес, латын қарпін таңдаймыз?
- Мәселенің басты себебі – әлемнің жаһандану процесіне ұмтылуында. Латын қарпі қазіргі кезде жаһанданудың графикасына айналды. Латын қарпі жаңа технологиямен, компьютермен, сапалық жетістіктермен байланыстырылады. Тіпті, жапон тілінде аталатын жапон фирмаларының өздері атауларын латын қарпімен жазғанды дұрыс санайды. Тіпті, Қытайда экономиканың бірнеше секторларында әлемдік нарыққа шығу үшін, әлемдік деңгейдегі тұтынушыға түсінікті болу үшін латын қарпі қолданылатындығы белгілі. Латын қарпі брендік графикаға айналып отыр. Латын графикасына көшудің таза лингвистикалық сипаттағы бірқатар себептері де бар. Латын қарпіне көшу қазақ тілін дамытуға жаңа серпін береді. Өйткені бұл процесс тілдің грамматикалық, әсіресе, фонетикалық жүйесін үйлестіруге жәрдемдеседі. Ғалымдар латын графикасы пайдалануға өте қолайлы әрі қазақ тілінің фонетикалық жүйесін дәл береді деген пікірде. Қазіргі қазақ әліпбиінде 42 әріп бар, оның 33-і орыс тілінің және тоғызы - қазақ тілінің төл әріптері. Ал қазақ тілінің фонетикалық жүйесіндегі дыбыс саны ­- бар-жоғы 28. Лингвистика заңдарына сәйкес, дыбыстарға қарағанда әріптер саны аз болуы керек. Ал қазақ тілінде керісінше болып отыр, өйткені біз орыстың барлық әріптеріне қазақ тіліне тән дыбыстарды білдіретін әріптерді қостық. Егер біз латын қарпіне көшсек, бір дыбыс белгілі бір әріппен ғана таңбаланатын болады.
- Кейбір адамдарда латын қарпіне көшу мәселесі қандай да бір басқа мүдделерге, мысалы, геосаяси мәселелерге қатысты жасалып отыр,- деген пікір қалыптасқан.Сіз қалай ойлайсыз?
- Бұл сын көтермейтін тұжырым деп есептейміз. Қазақстан латын қарпіне көшсе, Ресейден іргесін аулақ салады деген сөздерді де естіп қаламыз. Қазақстанның Ресеймен құрлық шекарасы – әлемдегі ең ұзын шекара, ортақ тарихи, мәдени, экономикалық, туыстық байланыстар – мұның бәрі екі елдің бір-бірінен алшақтауына мүмкіндік бермейді. «Өркениетті таңдау» деген ұғымды «геосаяси таңдау» деген түсініктің синонимі ретінде қабылдауға болмайды. Қазақстан Президенті бірнеше дүркін атап өткеніндей, біз орыс тіліне байыппен қараймыз, орыс тілін білу мәдениетіміздің деңгейінің көрсеткіші болып табылады.
Қазақстандық сарапшылардың пікірінше, түркітілдес мемлекеттердің барлығы дерлік латын әліпбиіне өтіп болғандығы латын графикасының түркі тілдерінің фонетикалық құрылымын дәл бейнелейтіндігін растайды. Осы ретте латын графикасына көшу бұл елдердің сыртқы саяси бағыт-бағдарына әсер етпегендігін атап айтуымыз қажет. Егер мәселеге сезімге берілмей, прагматикалық тұрғыдан келетін болсақ, онда бұл тілдің қызмет етуі мен практикалық қолданысының мәселесі болып табылады.Қазіргі кездің өзінде-ақ, осы латын графикасы біздің өмірімізге енді десек артық айтқаным болмас. Оның дәлелі ретінде айтарым латын графикасы әрқайсымыздың жеке куәліктерімізде, паспортта, автомобиль нөмірлерінде, дүкендердің атауында, товарлардың этикеткасында, 112-ден келетін SMS хаттарда т.б. жерлерде кездесіп жүр. Оны оқығанда, кейбір ересек адамдар болмаса, жастарымыз еш қиындықсыз түсінісіп жатыр.



Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика