Болат жолдың майталманы

c_410_290_16777215_00_images_2017_32_32-2017-8.jpgӘсте еңбекке жең түріп кірісетін жан жөнінде сөз қозғайтын болсақ, Мыңайтбас Қашкембаев жайында ауыз толтырып айтып, мақтанарлықтай әңгіме көп. Өмірін қай арнаға бұратыны әр адамның өз еркінде, әңгімемізге арқау болып отырған кейіпкер өмір жолын теміржол саласымен тікелей жалғаған жан. Ол өз кәсібін ғана емес, теміржол саласына қатысты барлық жұмыстың қыр-сырын жетік біліп, абыройлы басшы бола алған білікті маман.


Мыңайтбас Қашкембаев Қазанбасы жерінің тумасы, балғын шағының куәсі болған да сол өлке. 1956 жылы сол кездегі бала Мыңайтбас «Басаман» ауыл мектебіне шәкірт болып, мектеп табалдырығын алғаш рет аттайды. «Ол кезде мектепте жарық та жоқ,қатынап оқып жүріп білім алу қиындық тудыртқан соң, Әулиекөл жеріне апамның қолында тұрып оқуға тура келді.Орысшам нашар болғандықтан, қатарластарымнан бір сынып төмен оқытты.1962 жылы туған жерім Қазанбасыда мектеп ашылып, сол жылы өлкеме қайттым.1967 жылы онжылдық мектепті аяқтап,бірден теміржолға қызметке орналастым.Арнайы оқу орнын тәмамдағандығым туралы қағаз болмағандықтан,жұмысқа мені тек уақытша алған болатын.Науқан аяқталған соң, басқа жұмыс іздестіруге тура келді.Бақташының көмекшісі болдым, қой бақтым.Бұл жұмыс, әрине, көңілімнен шықпады, бірақ,амал не, күнкөріс керек болды», - деп еске алады кейіпкеріміз. Тынымсыз қозғалыс, қауіпсіздік, нақтылық пен тасымалдау сапасының ауқымдылығын талап ететін бұл ауыр қызметте кейіпкеріміз 45 жылға жуық уақыт еңбек атқарған.Бүгінде ағамыз саланың ең жоғарғы атағы «Құрметті теміржолшы» белгісін иеленіп отырған теміржол ісінің ардагері.Бұл мадақты ұзақ жылғы адал жұмысы мен болат жолдағы еңбегі, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі үлесі үшін 2003 жылы алған болатын.
Адамгершілікті ту етіп ұстаған ол күнделікті тұрмыста да, жұмыста да қарапайым, кішіпейіл болуға ұмтылған жан. «Ұлық болсаң, кішік бол» деген нақыл сөз бала күннен құлағында.Сол қасиеттерінің арқасында мақсатына қол жеткізіп, 1968 жылдың маусым айында өзінің сүйікті ісімен айналысуға мүмкіндік алып, Тобыл жол станциясының қызметкері етіп тағайындалды.1978 жылы әскерге шақырту алып, екі жылдан соң Отан алдындағы азаматтық борышын өтеп келген ағамыз теміржол техникумына оқуға түседі.Ол оқу орынды тәмамдаған соң туған өлкесінде теміржол саласында бригадир қызметін абыроймен атқарады. 1978-81 жылдардың аралығында кейіпкеріміз аға жол қызметшісі болып жұмыс істейді.Ол кезде Аманқарағай,Аппанов,Қазанбасы станциялары ағамыздың құзіретінде болып, қатаң бақылауы бойынша жұмыс атқарды. Мыңайтбас ағамыздың теміржол саласындағы кейінгі қызметі басшылық лауазымда өтті. Бірер жыл Тобыл өңірінің жолторап басшысының орынбасары қызметін атқарды.1984 жылы ол кезде Қазанбасыда тұрып жатқан отбасын Тобыл өңіріне көшіріп, 1986 жылдың сәуір айында Тобыл жол торабының басшысы қызметіне тағайындалды.Көп жылдар бойы тынбай жасаған ерен еңбегінің арқасында мақсатына қол жеткізген кейіпкеріміз, зейнетке шыққанға дейінгі барлық қызметтік жолын теміржол саласымен байланыстырған жан. 2012 жылдың 28 желтоқсанында Мыңайтбас ағамыз зейнеткер атанып, еңбек демалысына шықты. Кейіпкеріміздің қос қанаты, ұлдары да теміржол саласының қызметкерлері.Тұңғышы Абзал –аға инженер, Марал – кадрлар бөлімінің қызметкері. Келіндері мен бауырлары да теміржол саласында абыройлы қызмет етіп келеді. «Теміржол қиындық пен қызығы қатар жүретін сала. Қазіргінің жастары білімді ғой. Жас теміржолшылардың бойында, бастысы , төзімділік пен шыдамдылық сезімдерін тәрбиелеген маңызды»,- дейді абыройлы теміржолшы.



Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика