МӘМС – адам денсаулығының кепілі

c_410_290_16777215_00_images_2017_32_32-2017-1.jpgЕңсесін тіктеп, дамудың даңғыл жолына түскен біздің ел үшін медицина саласына тың серпілістер керек-ақ.


Сондықтан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі уақыт күттірмей іске асуы тиіс шара деп білемін. Өйткені, медицина саласы қарыштап дамып келеді. Осыдан 10 - 15 жыл бұрын біздерде мүмкін еместей көрінетін оталардың сан түрін бүгінде отандық дәрігерлер жасап жүр. Дәрігер мамандар шетелдерге шығып, тәжірибе алмасуға мүмкіндіктер алды, бұл да тәуелсіздіктің арқасы. Мұны айтып отырған себебім, неғұрлым маман кәсіби шыңдалған болса, соғұрлым қызмет сапасы да артады деген сөз. Білікті дәрігер қашан да халықтың сұранысына ие. Өйткені, бүгінде тұрғындардың көзі ашық, олар сапалы ем қабылдап, тиісті деңгейде қызмет түрін алғылары келеді. МӘМС-тің негізгі артықшылығы – азаматтардың өз денсаулығына деген жауапкершілігін күшейтуге мүмкіндік беруінде. Яғни, сапалы медициналық көмекке жүгіне аламыз. Тиімділігі неде деген сұрақтың заңды жауабы да осы болмақ. Бұл –бір. Екіншіден, аталмыш жүйе жалпы тәжірибе дәрігерлері мен учаскелік дәрігерлер жүктемелерін кезең-кезеңімен азайтуға мүмкіндік береді. Демек, кезекке тұратындар саны қысқарып, дәрігерлер де ем қабылдаушыларға көбірек уақыт бөле алады. Үшіншіден, қор салымшылары– сақтандырылған азаматтар жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тұрғылықты жеріне, табысына қарамастан тең дәрежеде медициналық және дәрі-дәрмектік көмекпен қамтамасыз етілмек. Төртіншіден, МӘМС енгізілген кезде медициналық қызметкерлер жалақысы еңбегіне қарай бағаланады деп күтілуде. Ол да өзара бәсекелестікті арттыратын фактор. Бесіншіден, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (ӘМСҚ) аударылған сізге тиесілі жарналар мен медициналық ұйымдарда көрсетілген қызметтер туралы ай сайын ақпарат алып, заңсыздық байқалған жағдайда, оны қор арқылы реттетуіңізге болады. Медицина саласын қаржыландырудың жаңа көздері пайда болып, халыққа медициналық көмек көрсету қызметінің сапасы артады. Одан соң мемлекет жауапкершіліктен қашып отырған жоқ. Керісінше, бұл жағдайда халықтың денсаулығына деген әлеуметтік жауапкершілігі жоғарылай түседі. Емханалар мен ауруханалар арасындағы бәсекелестік көбейетіндіктен, медқызмет сапасы да , тиісінше, жақсы жаққа өзгеруі керек. Алайда, жүйенің әлсіз тұстарын да атап өту қажет. Мәселен, қазір медсақтандыру қорына салым жіберіп тұратын төлемшілер санының жеткілікті болатыны-болмайтыны белгісіз. Сонымен қатар, қордағы ақшаның қалай жұмсалып, қалай сақталатындығы туралы нақты деректер аз. Ал, енді ең басты сұрақ бар... Қазақстандықтар өздері қалағандай сапалы қызмет ала- алатын бола ма? Айта берсек, сауал көп. МӘМС жүйесін енгізумен медициналық қызмет көрсету деңгейі жақсарады. Өйткені, министрліктің айтуынша, сапа жөніндегі бірлескен комиссия құрылып, басқару саласындағы функциялар қайта бөлінеді. Әрі көрсетілген қызметтерге қор тарапынан сараптама жүргізіліп, қатаң бақыланатын болады.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика