Латын әліпбиі – Тәуелсіз ел ретінде, еркін таңдауымыз!

c_410_290_16777215_00_images_2017_33_33-2017_8.jpgЕлбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бір­неше жыл бұрынғы Жол­дауында бұл тақы­рып нақты аталып көр­сетілген. Менің ойымша, латын әліппесіне көшу – дұрыс қадам әрі елі­міз үшін үдемелі іл­гері­леушіліктің қадамы.

Қалай десек те, белгі­лі бір өтпелі кезең қажет болатынын, тиісті қиындық­тар туындауы мүмкін екенін түсінуіміз қажет. Осы тұр­ғыда халықты даярлауға, түсін­діру жұмыстарын жүр­гізуге қажетті ғылыми жұмыс­тарға байланысты шаралар қамтылатыны анық. Стратегиялық басым мақсаттар тұрғысынан алғанда, біздің латын әліпбиіне көшуіміз еліміз үшін дұрыс қадам деп пайымдаймын. Себебі, ол біздің мемлекеттің ұлттық мүддесіне сай келеді. Бүгінде экономикалық ахуал тұрақталып келе жатқан­дықтан, конституциялық реформадан соң, Қазақстанның ұзақ мерзімді мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған қандай да бір стратегиялық қадамдарды іске асыру қажет. Сонымен қатар, заңнамалық бағытта маңызды жұмыстардан кейін Мемлекет басшысы осындай бастаманы жариялады. Бұл шешімді, әрине, қолдаймыз. Ал, латын әліппесіне көшу шаралары кезең-кезеңмен жүруі тиіс екені сөзсіз. Осы орайда, мемлекеттік органдар бұл бағыттағы үрдісті лайықты деңгейде, яғни жоспарлы негізде іске асыруы қажет. Атап айтқанда, алда атқарылатын шаралар аясында Үкімет сауатты бағдарламаны құруы тиіс. Түсіндіру жұмыстарын, кеңестерді жүйелі түрде жүргізу керек. Осыдан кейін біртіндеп латын әліпбиіне көшіруді іске асыруға болады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Егемен Қазақстан» газетінде шыққан мақаласында латын әліпбиіне көшудің нақты кестесін әзірлеуді тапсырған болатын. Елбасы 2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керектігін де жеткізді. Ал, 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кіріскен дұрыс дегені құптарлық іс.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    В 1905 году в Ново-Ильинском открылась деревянная школа, носившая название- Дамбарская русско-казахска ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Директор Ново-Ильинской школы в 1918 году- Решетняк Василий Прокофьевич. В 1926/27 г. округом выделены ...

    Подробнее...

     
  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика