Бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында

c_410_290_16777215_00_images_2017_34_2017-34-07.jpg«Бизнестің жол картасы 2020» қазіргі кезде жедел қарқынмен дамып келе жатқан бағдарлама. Аталмыш бағдарлама аясы кәсіпкерлікпен айналысып жүрген адамдардың қызмет ахуалын біршама жақсарту мен жұмыс жағдайының кеңейтілуін көздейді.Біздің ауданда да бұл бағдарлама тарапынан қаржылай көмек алып, бүгінде қарқынды түрде қызмет етіп жүрген кәсіпкерлер бар.Аталмыш бағдарлама қатысушылары үшін қандай талаптар қойылады? Кәсіпкерлер қандай көлемде қаржылай көмек ала алады? Осы және өзге де сұрақтарға жауап алу мақсатында,Таран ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Сагитов Азамат Бахытжанұлымен жолықтық.


Азамат Бахытжанұлы, алдымен, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы жөнінде жалпы ақпарат беріп өтсеңіз?
Жалпы елдің орнықты экономикалық дамуын қамтамасыз ету жеке кәсіпкерліктің және, ең алдымен, шағын және орта бизнестің даму жай-күйі мен деңгейіне тәуелді. Мемлекеттің экономикалық өсуіне ықпалын тигізетін бәсекелестік үшін экономиканың нақ осы секторының әлеуетті мүмкіндіктері өте зор. Шағын және орта бизнестің экономиканы әртараптандырудағы рөлі де маңызды.Осыған байланысты, жеке кәсіпкерлікті қолдау жөнінде жүйелі шаралар қабылдау қажет. «Бизнестің жол картасы – 2020» – дағдарыстан кейінгі дамудың бағыт-бағдарын айқындайтын кешенді бағдарлама. Яғни, экономиканың дағдарыстан дамуға қарай қадам басуына серпін береді деуге негіз бар. Бағдарламаның мақсаты - экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру.
Аталмыш бағдарламаның бағыттары жайлы,кәсіпкерлерге көрсетілетін қаржылай қолдау туралы толығырақ айтсаңыз?
Бағдарлама басты төрт бағыт арқылы жүзеге асырылады.Бірінші бағыты – жаңа жобаларды қолдау. Жаңа несиелер бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау,кәсiпкерлердiң инвестициялық жобалары, сонымен бiрге кәсiпкерлердiң жаңғыртуды және басты экономика секторларындағы өндiрiсiнiң кеңейтуге бағытталған жобалар.Екінші бағыты- кәсіпкерлік секторды сауықтыру. Борышкерге оның қолында бұрыннан бар банк кредиттері бойынша және жобаны мақұлдағаннан кейінгі кредиттік бір желі аясындағы жаңа қарызы бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау.Субсидиялау басты экономика секторларындағы кәсiпкерлердiң инвестициялық мақсаттары мен айналым қаражатын толықтыру жобаларына беріледі. Үшінші бағыт: Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдіктерін төмендету және төртінші бағдарлама:кәсіпкерлік әлеуметті күшейту.
Жалпы субсидия деген не, оны қандай кредиттер арқылы алуға болады, ол қандай мерзімге беріледі, субсидиялау барысындағы банктің комиссиялық сыйақысы қандай болу керек екендігі жайлы баяндасаңыз?
Субсидия деп отырғанымыз, Айталық, сіз, жылына 14%-дық ставкамен кредит алдыңыз. Оның 7%-ын өзіңіз төлейсіз де, қалған 7%-ын сіз үшін мемлекет тегін төлеп береді. «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасының бірінші бағыты аясындағы субсидия дегеніміз осы. Субсидияны өндірісті жаңғыртуға және ұлғайтуға бағытталған жаңа және қолданыстағы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін берілген жаңабанктік кредиттер бойынша алуға болады.Сонымен қатар бірінші бағыт бойынша айналым қаражатын толықтыруға берілген банктік кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін, алайда, жобаның кемінде 30 %сомасын субсидиялауға рұқсат етіледі. Жаңа жобалар бойынша субсидиялау мерзімі бір жылдан үш жылға дейінгі аралықты қамтиды және де әрі қарай 10 жылға дейін ұзарту мүмкіндігі ескерілген.
Бағдарламаға «Даму» Қорының қатысуы жайлы не айта аласыз?
«Бизнестің жол картасы» Бағдарламасын жүзеге асыру барысында «Даму» Қоры қаржылық агент қызметін атқаратын болады. Ол пайыздық ставканың бір бөлігін субсидиялау үшін банктерге қаражат аударумен,кредиттер бойынша ішінара кепілдік берумен,сауықтыру процедураларына қатысу үшін борышкер кәсіпорындар арасында іріктеу жүргізу бойынша ұсыныстар әзірлеумен,бағдарламаның орындалуына мониторинг жүргізумен шұғылданады. Қордың басты міндеті –Бағдарлама аясында ақшаның айқын жолмен және жедел түрде айналымға түсуін қамтамасыз ету және мақсатты түрде тиімді пайдаланылуына бақылау жүргізу.
Шағын және орта бизнес кәсіпкерлерін екінші дәрежелі банктер арқылы қаржыландыру ісі аудан көлемінде қалай жүзеге асып жатыр?
Аталмыш бағдарлама жұмысын бастаған уақыттан бастап жалпы сомасы 688.9 млн құрайтын 21 жоба қолдау алды. Ағымдағы жылы 149,9 млн. теңге көлемінде 3 жоба жүзеге асырылды.Атап айтқанда, ЖШС «Майлин» 82,9 млн. теңге тұратын трактор мен сепкіш , «Целина -50» шаруа қожалығына – 40 млн. теңге тұратын комбайн мен жеморағыш сатып алынды.Қазіргі танда екінші дәрежелі банктер арқылы жалпы сомасы, 50 млн. теңге құрайтын 6 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бағдарламаның бірінші бағыты аясында, АҚ «Ауыл шаруашылығын қолдау жөніндегі қор» және «Береке» кредиттік бағдарламасы қолдауымен «Отбасылық бордақылау алаңын» ашу және 30 бас ірі қара мал алу мақсатында кәсіпкер Иван Моор 5,0 млн. теңге көлемінде қаржылай қөмек алды. Жұмысқа деген қабілеті жоғары кәсіпкер үшін ең керек бағдарлама – осы деп ойлаймын.
Азамат Бахытжанұлы, мазмұнды және пайдалы әңгімеңіз үшін рақмет !


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика