Автоәуесқойлардың нұсқаушысы Арман Аманбаев

c_410_290_16777215_00_images_2017_37_37-2017-10.jpgАвтомектептерде дәріс алушылар теориямен танысып, жол ережелерін жаттап алуы мүмкін, бірақ көлік тізгіндеуге келгенде кәсіби жүргізушінің қасында отырып, көлік айдап үйренбесе, оған куәлік беру қауіпті. Сондықтан, газетіміздің кезекті санында автомектептің табалдырығын аттамаған, нұсқаушының сабағын алмаған жандарды кәсіптік-техникалық оқу орталығының өндірістік оқыту шебері Арман Аманбаевпен таныстырмақшымыз.

Қарабалық ауданының тумасы Арман Есенболұлы әкесінің ізін қуған десек те болады. Өмір бойы жүргізуші болып еңбек еткен отағасы баласын да техниканың қыр-сырын меңгеруге үйреткен. Енді, міне, Арманның да өзгелерді үйрететін кезі келген сияқты. «Ер балаларға қарағанда көп қиындыққа тап болып жатса да, бүгінгі жаһандану дәуірінде қыз балалардың да көлік жүргізуге еркі бар. Оларды көлік жүргізуге үйретуде, ең алдымен, төзімділік таныту керек деп есептеймін. Себебі, көптеген қыздар көлік жүргізуде сәтсіздікке ұшырағанда ашуға ерік береді. Жүргізуші куәлігін алам деушілерге үнемі «рөлде отырған кезде күйгелектенбеңіз, тежегіштің бар екенін естен шығармаңыз, бей-берекетсіздікке жол бермеңіз» деген кеңестер беріп отырамын. Ашығын айтқанда, ер адамдарға қарағанда нәзік жандылар жолда жүру ережесін аз бұзады. Алайда, «Сақтықта қорлық жоқ» демекші, көлік жүргізуді танысынан, туысынан үйрену аздық етеді. Көлік жүргізу дегеніміз - өз өміріне ғана емес, өзгенің өміріне де жауапты болу», - дейді айдарымыздың кейіпкері Арман Аманбаев.
«Отан» кәсіптік-техникалық оқу орталығының ұжымының айтуынша, автоәуесқойлар Арман Есенболұлы туралы жақсы пікір білдіреді. Өйткені, ол көлік жүргізушілерінің бойына сенім ұялатып, кез-келгенімен бірден тіл табысып кететін көрінеді. Ойымызды түйіндей келе, айтарымыз, теория мен практиканы қамтитын арнайы оқу курстарына жазылыңыздар. Сізге білікті оқытушылар мен нұсқаушылардың дәріс беретініне күмәнданбаңыз.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика