Жұмысын маңдай терімен атқарады

c_410_290_16777215_00_images_2017_38_38-2017-7.JPGӨмір жинақтаған кісілердің «Еңбекке адам отбасынан қалыптасады, еңбекке құштарлық отбасынан бастау алады» дегендері рас екен. Мұндай түйінге келуімізге бақытын адал еңбектен тапқан ағайынды Байкановтар септігін тигізді.

Күздің келуі «Сұлу» ЖШС-нің еңбеккерлері Орынбай, Серғазы, Жұмағазы есімді үш ағайынды үшін тер төгіп еңбектенетін кезі. Сондықтан, аталмыш шаруашылыққа барғанымызда Байкановтардың ортаншысымен ғана тілдесе алдық. «Мен Журавлев ауылында тудым. 23 жылдан кейін көрші Щербинов елді-мекеніне көшіп бардық. Шаруашылық саласында жұмыс істеген әкем де, үлкен ағам да мені жастайымнан еңбекте шыңдауға үйретті. Содан 1970-ші жылдары тракторшы болып еңбек жолымды бастадым. Жас болғандықтан шығар, ең алғашқы кезде қиындықтар болды. Десе де, намысқа тырыстым.Сол кезеңде әкем мен ағама қатты қызықтым», - дейді Серғазы Байканов. Үйдің үлкені Орынбай ағамыздың маңдайдан моншақтап төгілген тердің рахатына бөленіп жүргеніне де 40 жылдай болып қалыпты. Әрине, таңның атысымен кештің батысына дейін жұмыс істеу оңайға соқпайды. Кейін кенжелері де өзіне үлгі болған ағаларынан қалыспай, темір тұлпардың тілін меңгеріп алды.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында еңбек туралы, еңбекті қадірлеу жайында терең айтылған. Иә, еңбек адамды құрметке бөлейді, елге танытады, демек, еңбек еткеннің ертеңі жарқын. Серіктестік директоры Александр Пирог еңбеккерлерінің жинаған өнімінің мол қызығын көріп, көңілдерінің марқайып жүруіне қатты қарайтын көрінеді. Шаруашылығында тер төгіп жүрген адал жұмысшыларының еңбегін еселеп, мүмкіндігінше, көмектесуге тырысатынын алға тартады. Жанұясының қамын ойлап, осы шаруашылықта 30 жылдан астам жұмыс істеп жүрген Серғасы Байканов та, оның бауырлары да өздерінің адал еңбегімен көзге көрініп жүрген азаматтардың қатарында екен. Ауылы, әулеті үшін аянбай тер төгу үш ағайындының өмірлік қағидасына айналған сынды. Олар «еңбектің наны қашан да тәтті» екенін сөзбен емес, ісімен дәлелдеп жүр.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика