Қауіпті де, қиын сала қызметкері

c_410_290_16777215_00_images_2017_40_40-2017-31.jpgБиылғы жылы қылмысты іздестіру қызметіне - 99 жыл. 1918 жылдан бері қылмыстық іздестіру күні арнайы бекітіліп, полиция қызметкерлері арасында ерекше мерекеленіп келеді. Бұл мейрам күнтізбедегі ресми мерекелер қатарында болмаса да, бұл күн тынымсыз жұмыстың ыстық-суығына күйген із кесушілердің жүрегінде. Осыған орай, ішкі істер бөлімінің криминалды полиция тобының қызметкерлерінің еңбегін атап өткіміз келеді. Жедел уəкілдердің әрқайсысы жайлы жазбасақ та, басшылығының сөзіне қарағанда, кәсіби шеберлігі жоғары, күш-жігері мол Талғат Байзақовтың ісі жайлы сөз қозғамақшымыз.

Ұйымдасқан қылмыс, есірткі бизнесі, экстремизммен күрес, ұрлық, қылмыскерлерді іздестіру - криминалды полиция бөлімшесінің Талғат Жұмабайұлы сынды қызметкерлерінің жұмысы. Сол себепті, олар еліміздің тыныштығы мен жерлестеріміздің қауіпсіздігін сақтай отырып, күн сайын қылмыспен күрес жүргізу дейтін жауапкершіліктің жүгін арқалап келеді. Несін жасырайық, полиция қызметкерлерінің жұмысын сынға алу санамызға сіңіп кеткен секілді. Алайда, қай кезде болмасын, қылмыстық іздестіру ісінің мемлекет үшін маңызы зор екендігін ескере бермейміз. Ал, қылмысты ашу және тергеуде іздеу топтарының атқаратын қызметі аз емес.
«Полиция – құқықтық тәртіпті нығайту жөніндегі міндеттерді орындаушы, ал қылмыстық іздестіру осы міндетті жүзеге асыруда маңызды рөл атқаратын орган деп есептеймін. Биыл, өткен жылмен салыстырғанда, қылмыстарды ашу деңгейі артты деп айта аламын. Мысалы, Красносельск, Тобыл, Таран елді-мекендеріндегі он бестен артық дүкен, гаражды тонаған екі ұрлықшының ісі қоғам назарына ілінген болатын. Осы ретте, айтарым, бой тасалап жүрген небір қылмыскерді, не болмаса, ұрлықшыны іздестіруде, ұстауда темірдей төзім мен кәсіби біліктілік қажет. Бұл бір ғана топтың емес, тіпті, бірнеше бөлімшенің бірігіп жасайтын жұмысы екенін екінің бірі біле бермейді. Сондықтан, мүмкіндікті пайдалана отырып, қылмысты ашу мен тергеу барысында жұмысқа әрқашан да даяр әріптестерімнің еңбегін атап өткім келеді», - дейді кәсібі қылмыстық істермен байланысты Талғат Байзақов.
Оның айтуынша, жыл бойы қылмыстарды болдырмау бойынша алдын алу шаралары жүргізіледі. Ауданның мемлекеттік мекемелерімен де, ұйымдарымен де бірлесіп, бірқатар рейдтер мен кездесулер өткізіледі. Әңгіме барысында Талғат Жұмабайұлы бөлімшедегі жас мамандар жайлы да айтып кетті. Ол сауатты, ынталы жас әріптестерінен мол үміт күтетінін алға тартты. Осы ойын түйіндей келе, он бес жыл бұрын алғашқы жылдары күзет қызметінде еңбек еткен полиция капитаны «ынта болса адамда, қиын іс жоқ ғаламда» деген қағиданы ұстанатын көрінеді.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика