Жаңа форматтағы көмек туралы не білесіз?

c_410_290_16777215_00_images_2017_15_15-2017-26.jpgЕлбасымыздың тапсырмасы бойынша 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап бірыңғай жәрдемақы – жаңа форматтағы мекен-жайлық әлеуметтік көмек беріледі. Жәрдемақы аз қамтылған отбасыларға арналған үш әлеуметтік төлемді біріктіреді – төрт және одан да көп балалары бар отбасыларға берілетін арнайы мемлекеттік жәрдемақы, 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін жәрдемақы және мекен-жайлық әлеуметтік көмек. Осы тұрғыда аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Руслан Мукашовпен тілдестік.

- Руслан Шыңдәулетұлы, жаңа форматтың басты ерекшелігі неде?
- Біріншіден, жаңа форматтағы мекен-жайлық әлеуметтік көмек табысы күнкөріс деңгейінен 50%-ға төмен болса көрсетілетінін ескерсеңіз. Екіншіден, көмек шартты атаулы әлеуметтік көмек және шартсыз тағайындалатын көмек ретінде беріледі. Шартты атаулы көмек аз қамтылған отбасындағы еңбек жасындағы азаматтардың міндетті түрде мемлекеттің жұмыспен қамту шараларына қатысқан жағдайда, ал шартсыз ақшалай көмек отбасында жұмысқа жарамды азаматтары жоқ отбасыларына тағайындалады. Бүгінде, біле жүріңіздер, «Өрлеу» жобасы шеңберінде жаңа форматтағы көмекке мұқтаж адамдарға қолдау көрсету шаралары басталып отыр. Жаңа форматтың ерекшелігі жайлы айтар болсақ, оның басты ерекшелігі ақшалай жәрдемақыдан басқа аз қамтылған отбасыларға жұмысқа орналастыру болып табылады. Олардың ішінде жастар тәжірибесі, тұрақты және уақытша жұмыс орындары, оқыту немесе мамандығы бойынша қайта оқыту да бар.
-Шартты және шартсыз түрге жіктелетін көмектің артықшылықтары жайлы қысқаша айтып өтсеңіз.
- Әрине, мемлекеттің ақшалай көмегін расымен де жұмыс істей алмайтындар, мысалы, мектепке дейінгі жастағы балалары бар жалғызбасты ана немесе отбасы құрамында еңбекке қабілеттілігі жоқ адамдары бар отбасылар ғана алатын болады. Ал, қалғандарының шартты көмекке құқығы болады. Әлеуметтік көмекке қол жеткізу үшін қатысушылар жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін бағдарламаларда бақ сынаған болуы қажет, сонда олармен әлеуметтік келісімшарт жасалады. Әлгі келісімшартқа қол қоя отырып, екі жақ та өздеріне өзара міндеттеме алады. Яғни, әлеуметтік қызмет жұмыспен қамтуда көмек көрсетіп, жәрдемақы төлесе, отбасының еңбекке қабілетті мүшесі – жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін шараларға адал ниетімен қатысады. Нәтижесінде аз қамтылған отбасының барлық мүшелері де жарты жылдай шартты ақшалай көмекпен бірге, тұрақты еңбек табысын алатын болады. Сондай-ақ, жарты жылдың ішінде жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға және жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға екі бөліктен қаражат алу мүмкіндігі бар.
- Руслан Шыңдәулетұлы, келісімшарт міндеттемелері орындалмаса ше?
- Әлеуметтік қызмет жүйелі түрде келісімшарт талаптарының орындалуын қадағалап отырады. Міндеттемелер орындалмайтын болса, келісімшарт үзіледі. Осылайша, жаңа модель бойынша аз қамтылған отбасының барлық мүшелері жарты жыл ішінде шартты ақшалай көмек алатын болады. Бұл уақыт аралығында отбасының еңбек нарығында бейімделуге, тұрақты табысты қамтамасыз етуге мүмкіндігі туады. Жаңа форматтағы мекен-жайлық әлеуметтік көмекті енгізуде негізгі рөл жұмыспен қамту орталықтарына бөлінеді. Себебі, бізге аз қамтылған азаматтарды анықтау және ақпараттандыру, жаңа форматтағы көмекке тарту сияқты міндеттер жүктеледі. Тұрғындарға айтарым, әлеуметтік көмекке қатысты сауалдар туындаса, 3-62-73 нөмірі бойынша хабарласуыңызға болады.
- Әңгімеңізге көп-көп рақмет!


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика