Жерлестерінің есінде мәңгі қалатын Марат АҒЫБАЕВ

c_410_290_16777215_00_images_2017_42_42-2017-1.jpgЖүйткіген жүйріктей, аққан жұлдыздай зулап өтіп жатқан уақыт-ай... Өлімі өзінікі болғанмен, өмірі өзгенікі болған тарандық ақын Марат Ағыбаев есімі аудан, облыс көлеміне жақсы таныс. «Неліктен өзгенікі?» десеңіз, ол өлең жазуда көбінесе туған жер, елінің тағдыры тақырыбына көңіл бөлген. Алланың жазуымен бұл кісі өмірден озды.

«Бұл пәниде темір өзекті пенде жоқ. Өлмес адам елде жоқ. Өлімнен өтер өткел жоқ». Бірақ, төрге шықса төбедей, төбеге шықса төредей, жақын мен алысты бірдей тең көрген, елінің жігері, жергілікті қазақ ақындарының тірегі бола білген Марат Торшайұлын жасы келсе де өлімге қию да, енді арамызда жоқ дегенге сену де қиынның қиыны. Бұрынғылар «Талайлар өтті-ау жалғаннан, көрген адам таң қалған» деп тамсанғанда, азаматтықтың айнасындай Марат атамыз сияқты тұлғаларды еске алғанымызда, ұжымымызда оның бізге келіп жүргені жайлы айтып отырамыз. Әлі есімізде... Егде жасқа келсе де, редакциямызға арнайы келіп, өз қолымен параққа жазған өлеңдерін әкелетін. Бұл кісіні еске ала отырып, оның ауылдық жиындардың бірінде айтқан: «Осы жердің атауын Бейімбетке қиюға болады. Бірақ, бірақ... Сол кісінің аруағын разы қыла алмай келеміз. Қолдаңыздар. Халыққа шыңдық керек», - деген сөздері де әлі күнге дейін еріксіз еске түседі. Осыдан-ақ, оның турашыл, ержүрек, жағымпаз емес екендігін аңғаруға болады десек артық айтқанымыз болмас.
Замандастарының айтуынша, Марат Торшайұлы тарихи кітаптарды оқуды ұнататын. Содан болар, өлеңдерінің басым бөлігінде бұрынғы мен қазіргіні тілге тиек ететін. Айтпақшы, өлеңдерінің барлығы да бір емес, бірнеше кітаптарда жарық көрді. Мысалы, тарандық «Таран шапағы» кітабына ақынымыздың «Тәуелсіз ел, Тараным», «Бейімбет», «Өмір тілек» сынды көптеген туындылары басылды.
Қадыр Мырза Әли ақынның бір өлеңінде «Адам күліп тумайды, адам жылап тумайды. Жылайтыны туғанда – жамандар бар қинайтын, жылайтыны өлерде – жақсылар бар қимайтын» дейді. Онысы енді рас. Міне, ел арасында Төле бидей болмаса да, төбе бидей баянды беделі бар, өнегесі өзгеше, шапағаты мол, ортамызда жүргенде «біздің жанашыр ақынымыз» деп, «елдің ақыны» деп бағалайтын марқұм атамызды қимай шығарып салғанымыз күні кеше сияқты. «Кешегі күннен жүйрік жоқ» деген осы да. Иә, Марат Ағыбаевтың «жағасы жоқ, жеңі жоқ» көйлек кигеніне, «есігі жоқ, төрі жоқ» мәңгілік үйіне енгеніне де екі айдай болды.
«Ер адамға жеті өнер де аз» демекші, Марат Ағыбаев өлең жазумен ғана емес, жас кезінде спортпен де шұғылданған екен. Немересінің ең басты жанкүйері болған атамыз бізге берген сұхбатында: «Мектеп қабырғасында жүргенде қазақша күреспен айналысқан едім. Жылда мен Амангелді, Әулиекөлге және басқа да өңірлерге барғанымда бірінші орынды алып келетінмін. Ал, Алматыға барғанымда самбоға әуес болдым. Кейін есеп-кредит мамандығын алғаныммен, бос уақытымды спортпен айналысуға арнадым. Сол жастық шағымды еске түсірсем, қазіргі заманмен салыстырамын.Жастарға айтарым, күрес өнерінің хас шебері атануға тырысыңдар», - деген еді. Өлең жазбаса да, ұлы Самат та, немересі Әділет те бүгінде спортпен айналысып, жеңіс тұғырынан көрініп жүр. Сүйікті немересінің жетістіктерінің куәгері болған, шаңырағының отағасы болған бұл кісі ұрпағының ғана емес, жерлестерінің есінде мәңгі қалары сөзсіз. Осыдан бірнеше жыл бұрын жұбайы Ақмаржан Наушақызының дүниеден озуы оған өте ауыр тиді. Қайран өмір-ай..!
Бұл жалғаннан бір пенде мұңсыз болып өтті ме екен?! Әй, қайдам...? Мүмкін, Марат атамыздың да орындалмаған арманы, жүдеп-жадаған кездері болған шығар. «Азамат ердің баласы: жабыққанын білдірмес, жамандар мазақ етер деп» (Қазтуған) дегендей, өмірге қандай өкпесі болса да ішінде кетті. Сыртқа сыр білдірген жоқ, әлсіздік танытпады. Адам — бұл дүниенің қонағы. Мұндайда сабырға қайрат қосатын, қайнаған күйікті басатын жұбату айту қиын. Тек туған-туысқандарына:«Аллаға Мұхаммед пайғамбардан жақын кім бар. Оны да 63 жасында Алла қасына алған. Біз одан артықпыз ба? Бұл пәнидің жалғандығын осыдан-ақ білуге болады. Шүкірлік етейік, сабыр сақтайық, болған іске болаттай болыңдар», – дегіміз келеді.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    В 1905 году в Ново-Ильинском открылась деревянная школа, носившая название- Дамбарская русско-казахска ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Директор Ново-Ильинской школы в 1918 году- Решетняк Василий Прокофьевич. В 1926/27 г. округом выделены ...

    Подробнее...

     
  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика