«Шекаралық қызмет төзімділікке үйретеді»

c_410_290_16777215_00_images_2017_43_43-2017_6.jpgТағы да бір сарбаз үйіне оралды. 2016 жылы Жангелді ауданының тумасы Жасұлан Бекқали Арқалық медициналық оқу мекемесін бітірісімен біздің өңірімізге келіп, Набережный ауылында фельдшер болып қызмет істеп жүреді. Сөйтіп, екі айдан кейін жиырма жастағы сері жігіт әскерге шақырылып, Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласына Отан алдындағы өз борышын атқаруға жіберіледі.

«Аллаға шүкір, араға бір жыл салып, аман-есен келіп отырмын. Мақтанғаным емес, бірақ әскерге барғым келді, қайта «қашан шақыру қағазы келеді?» деп күттім. Үйдегі ағам да әскерге барып, абыроймен үйге оралды», - дейді шекаралық қызметте борышын өтеп келген Жасұлан Манатұлы.
Оның айтуынша, әскерде барлығы да жарғы бойынша, барлығы да соған бағынады. Мысалы, сағат 6.00-де ұйқыдан тұру бұйрығы беріледі. Ротадағы барлық солдаттар бес минут ішінде киініп, жиырма минут ішінде саптық қадаммен таңғы асын ішіп үлгеруі тиіс. Содан кейін оқу орталығына барып, қару-жарақ, әскери қызмет, ондағы тәртіптер мен ережелер сияқты көптеген нәрселерге үйретеді екен. Ал, үш жарым айдан соң, шекаралық заставаларға жіберетін көрінеді. «Өз басым, тәулігіне бірнеше сағаттай жасақта болдым. Заставадан кейін шекараны құру мақсатында әскери базада қызмет атқардық. Қызметімізді абыроймен өтегеніміз үшін маған да, қызметтестеріме де медаль берілді. Жалпы, айтарым, шекаралық қызмет төзімділікке үйретеді», - дейді ол.
«Ел барда ер қор болмас, ер барда ел қор болмас» демекші, Жасұлан сияқты сарбаздарымыздың ел сенімін ақтауға ынта білдіретіні аға буын өкілдерін қуантары хаһ. Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңгі тірегі – бүгінгі жастар. Олардың бойын отансүйгіштік, патриоттық тәрбие беру күн тәртібімізден түспей-ақ келеді. Жасұландай жігіттеріміздің қатары артса, республикамыздың шаңырағы шайқалмайтыны сөзсіз.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    В 1905 году в Ново-Ильинском открылась деревянная школа, носившая название- Дамбарская русско-казахска ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Директор Ново-Ильинской школы в 1918 году- Решетняк Василий Прокофьевич. В 1926/27 г. округом выделены ...

    Подробнее...

     
  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика