Еңбекпенен ерте есейген Сәлімжан ата

c_410_290_16777215_00_images_2017_44_44-2017-2.jpgАуыл тұрғындарының ықыласына бөленіп жүрген ауыл ақсақалдарының бірі Сәлімжан Мурзагулов атамыздың есімі көпшілікке кеңінен таныс. Кезінде ауданымыздың ауылшаруашылығы саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, құрметті еңбек демалысына шыққан бұл кісінің өмір жолы сонау 1937 жылдан бастау алады.

«Мен ертеде Жалшы ауылында өстім. Әкем мен ағаларым соғысқа аттанып, оралмаған соң, он төрт жасымнан Сапар Ерғалиевтің қарамағында жұмыс істедім. Әкем ауылда ұста, балташы болған-ды. Сапар Ерғалиев оны соғысқа жібермеп еді, алайда бір түні одан да, ешкімнен де сұрамай алды да кетті. Сөйтіп, бес жасымда әкемнен айырылдым. Анам да жалғыз қалды. Жетімшілік те, қиындық та болды. Әлі есімде... Сонда шалдар өгізбенен шөп шабады, біз тырмамен жинаймыз. Кейін өзіміз де жаңағы өгіздерді жегіп, шөп шабатынбыз. Қырда жатып, жұмыс істейтінбіз, екі жетіде бір-ақ рет үйге жіберетін. Егін жақсы шықса, арасында бір немесе екі килограмм бидай беретін», - дейді Сәлімжан Аяпбергенұлы. Иә, атамыздың балалық шағы Ұлы Отан соғысы жылдарының қиын-қыстау кезеңіне тұспа-тұс келіпті. Осылайша, қызметке ерте араласып, еңбекпен есейген жанның қиыншылықтардан мүдірмей өтуіне таңқалмау мүмкін емес.
Оның айтуынша, тың, тыңайған жерлерді игеру басталған жылдары жұмысы шаш етектен асатын жұмысшылардың беделі мен абыройы жоғары болатын. Зейнеткерлікке шыққанға дейін тыңайған жерлерді игергені үшін медальмен марапатталып, 1991 жылы «Еңбек ардагері» атағына ие болды. Еліміздің тәуелсіздігінің 25 жылдығына, ауданымыздың 80 жылдығына орай мерекелік төсбелгімен мадақталған кісілердің қатарынан көрінді. Он бес жасында комсомолға кірген, 60-шы жылдары тракторшы-машинист, шебер-реттеуші, шопыр мамандықтарын меңгеру үшін оқудан өткен, округтік сайлау комиссиясы хаттамасының негізінде депутат болған Сәлімжан атамыздың еңбегі зор. Ауыл адамдарымен тіл табыса, еңбек еткен бұл ер азаматты үлкен де, кіші де қадірлейді десек артық айтқанымыз емес. Бүгінде 80 жастағы Сәлімжан Мурзагулов - Алла қосқан жарымен балалары мен немерелерінің қызығына бөленіп, шөбересінің қолынан су ішкен бақытты жандардың бірі. Ауылшаруашылық саласының ардагерімен тілдесу үшін жүздескенімізде, жақында ғана ол абайсызда қолын шығарып алыпты. Соған қарамастан, отанасымен қонақжайлық танытып, естелігімен бөліскен атамыз ағалық батасын да берді. Осындай азаматтарымыздың еңбегін лайықты елеу біз үшін үлкен мәртебе дегіміз келеді.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    В 1905 году в Ново-Ильинском открылась деревянная школа, носившая название- Дамбарская русско-казахска ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Директор Ново-Ильинской школы в 1918 году- Решетняк Василий Прокофьевич. В 1926/27 г. округом выделены ...

    Подробнее...

     
  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика