«Арманым - алдыма қойған міндетімө жету»

Multithumb found errors on this page:

There was a problem loading image 'images/2014/46/rovd_na4alnik-s-semiye.jpg'
There was a problem loading image 'images/2014/46/rovd_na4alnik-s-semiye.jpg'

rovd_na4alnik-s-semiye.jpgЖақында ғана аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалған Талғат Ахметовпен жүздесіп, жақынырақ танысу мақсатымен әңгімеге тартуды жөн көрдік.








- Туған жер - кең ұғым. Бұл ұғымға туған үй, туған ауыл, туған қала жатады. Талғат Батырбекұлы, кіндік қаныңыз тамған жеріңіз туралы айтып кетсеңіз.

- Мен1978 жылы қазіргі Жангелді ауданының Торғай ауылында дүниеге келдім. Сол ауданның Бидайық деген совхозының орта мектебін бітіріп, білім алдым. Өз басым, көпбалалы отбасынан шыққанмын. Аллаға шүкір, ата-анам, екі қарындасым, үш інім бар. Ал, өзімнің шаңырағымда келіншегім екеуміз ұл мен қыз өсірудеміз.


- «Білген адам білімді өмір бойы іздейді» дейді. Алғашқы білім алған ошағыңыз бен таңдаған мамандығыңыз жайында айтып өтсеңіз.

- Жангелді ауданының Бидайық деген совхозының білім ордасында оқыдым. Орта мектепті бітірген соң Қостанай ауылшаруашылық институтының инженер-механик факультетіне оқуға түстім. 2000 жылы аталған факультетті тәмамадап, сол жылы Алматы қаласының қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтының заңгер факультетіне оқуға түстім. 2003 жылы оқуымды бітірісімен, елге оралып, милицияға құжаттар тапсырдым.

Жұмыс тәжірибем жайлы айтар болсам, Алтынсары ауданының ішкі істер бөлімінің жедел өкіл лауазымынан бастадым. Бір жылдан кейін Қостанай қалалық ішкі істер бөлімінің қылмыстық іздестіру тобына ауыстым. Ал, екі жылдан соң сол кездегі Ішкі істер департаментінің жол полиция басқармасының жедел іздестіру бөлімінде жедел өкілі болып, кейін аға жедел өкіл лауазымына дейін жұмыс істедім. 2008 жылдан Торғай өңірінің табиғат қорғау бөлімшесінің басшысының міндетін атқардым, ал 2013 жылы Ішкі істер департаментінің басшысы болып тағайындалдым. Бір жыл бұрын Әулиекөл ауданының Ішкі істер бөлімінің басшысының орынбасары қызметіне ауыстым.


- Талғат Батырбекулы, әр адамның жеке қалыптасқан мінезі, өзіндік адамгершілік қасиеті болады. Сіз адамдардың қандай қасиеттерін ерекше бағалайсыз?

- Халық қашан да сөйлеудің парқына және қай жерде қалай сөйлегеніне айрықша мән берген ғой. Сондықтан, сабырлық пен ақылға бойсұнатын, тәртіпті, қойылған міндетін соңына дейін жеткізетін абзал жандарды бағалаймын. Әрі, достан сырды жасырмайтын, дұшпанды басынан асырмайтын және сөзбен емес, іспен дәлелдейтін жандарға аса құрметпен қараймын.


- Құпия болмаса, бос уақытыңызды қалай өткізесіз және қандай музыканы тыңдайсыз?

- Қазір жұмыс бабымен бос уақытым онша көп емес. Алайда, бала кезімнен жандүнием спортқа жақын болғандықтан, аздап спорттың түр-түрімен, атпен айналысуға тырысамын. Студент кезімде бір емес, бірнеше мәрте жеңіл атлетика, күрес, қоянқолтық жарыстарының жеңімпазы атанған болатынмын. Ал, сүйсініп тыңдайтын музыка жайлы айтар болсам, классикалық музыканы тыңдаймын.


- «Армансыз адам - қанатсыз қус» демекші, арманыңыз бен өмірлік қағидаңыз қандай?

- Арманым - алдыма қойған міндетіме жету. «Генерал болуды армандамайтын солдат нашар» демекші, менің ойымша, кез-келген погон таққан адам генерал болуды армандайды. Ол үшін, әлбетте, аянбай еңбек етіп, адал қызмет атқару керек. Ал, өмірлік қағидам - тек қана алға!


- Талғат Батырбекулы, барша қауымға, турғындарға лебізіңіз бен тілегіңізді білдірсеңіз.

- Әр отбасының бақытты, өскелең ұрпақтың иманды, парасатты, еліміздің ынтымақты болуын жазсын деймін!


- Ықыласыңызға көп рақмет! Ойлаған арман-мақсаттарыңызға жетіп, талай белестерден көрініп, биік шыңдарға жетуіңізге тілектеспіз!


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика