Шағын несиелеуге қандай өзгерістер енгізілді?

Multithumb found errors on this page:

There was a problem loading image 'images/2015/2/0032.jpg'
There was a problem loading image 'images/2015/2/0032.jpg'

0032.jpg«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша халықты шағын несиелеуге өзгерістер енгізілуде. Ел несібесіне айналған несиелеуге қатысты сауалдарымызға жауап алу мақсатымен аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Азамат Сагитовпен жүздестік.


- Бағдарламаны оқып-таныспаған оқырмандарымыз үшін осы шағын несие туралы айтып өтсеңіз.

- Шағын несие нысаналы топтағы халықтың несие алудағы микроқаржылық талаптарына кепілдіктің қамтамасыз етілуіне жеткіліксіз болуымен, ауылды жерде кәсіпкерлікті дамытуға беріледі. Шағын несие алыс ауылды мекен жерлеріндегі нысаналы топтағы халықтардың жұмыспен қамтамасыз етулеріне және жеке ісін ұйымдастыруға беріледі. Несие берудің басым бағыттары құс, ұсақ мал сатып алу, халық қолөнерін дамыту, өзін-өзі тез ақтайтын қызметтерді көрсету болып табылады. Аталмыш шағын несиенің мерзімі үш жылдан кем емес, ең жоғарғы сомасы 500 мыңнан артық емес. Сондай-ақ, ең жоғарғы тиімді мөлшерлемесі 5%-дан аспайтын мөлшерде белгіленеді. Ал, жеңілдіктің негізгі қарызын төлеу мерзімі алты айдан аспау керек.


- Азамат Бақытжанұлы, ауыл тұрғындарын көбірек толғандыратын кепіл мәселесі ғой. Кепілдікке не алынады?

- Кепіл – азаматтық заң бойынша несиелік міндеттеменің орындалуын, қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз етудің шарасы ғой. Кепілге несие алушының меншілігіндегі немесе өзге де кепіл берушінің несие қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында ұсынатын жылжымалы және жылжымайтын мүліктер алынады. Айта кету керек, жылжымайтын мүліктерді пайдалану мерзіміндегі шектеу алынып тасталды. Мысалы, бұрын тұрғызылғанына 30 жылдан астам уақыт болған саман тастан салынған үйлер кепілге алынбайтын болса, қазіргі уақытта бұл шектеу жоқ.


- Алған несиені алған мақсатына пайдаланбай, басқа мақсаттарға жұмсап жіберсе ше?

- Біздің несие – мемлекет қаражаты, әрі жеңілдікпен беріледі. Сондықтан, негізгі қағидасы – мақсаттылық. Егер несие өз мақсатына пайдаланылмаса, келісімшарт талабына сәйкес ондай несие алушы алған ақшаны толығымен қайтарады. Оған қоса, несие алушыға 10 пайыз мөлшерінде айыппұл салынады.


- Әңгімеңізге көп-көп рақмет!


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика