Есет Ғабдімәліков: «Қажылық сапар – қасиетті парыз»

Multithumb found errors on this page:

There was a problem loading image 'images/2015/4/imam-meka-posetil.jpg'
There was a problem loading image 'images/2015/4/imam-meka-posetil.jpg'

imam-meka-posetil.jpgЖақында аудандық «Әйет» мешітінің бас имамы Есет Ғабдімәліков умраға (кіші қажылық) барып қайтқан болатын. Осыншама анадан жаңа туғандай пәк, таза кейіпке бөлендіретін қажылық нендей құлшылық?! Оның маңыздылығы мен мәні неде деген саналы сауал әр мұсылман жанды ойландырса керек.

 

 

 


- Есет Сейітқалиұлы , мұсылман ұлттар арасындағы теңдіктің іс жүзіндегі көрінісі болып табылатын қажылыққа барған сапарыңыз жайлы айтып өтсеңіз...

- Қажылық сапар – қасиетті парыз. Қажылыққа баруға өзім ниет еттім. Аудан әкімі Бақберген Өтеулин жәрдемдесіп, баруыма себепші болды. Кіші қажылыққа жіберетін Алматыдағы компаниямен хабарласып, желтоқсанның 30-ы күні бір топ кісілермен жолға аттандық.

Біз алдымен Әбу дабияға, сосын Меккеден Мединаға бардық. Жеті күн бойы Меккеде умрамызды жасадық, қағбаны айналдық, қара тасымызды сүйдік. Айта кету керек, сол жерде Пайғамбарымыздың ең алғашқы құран аяты түскен Хира деген үңгірі бар. Джамалун Нур, Джамалун Нур Сауыр тауларын зират еттік. Одан кейін Хауана анамыз бен Адам атамыздың 40 жылдан кейін кездескен Арафат тауын да зират еттік. Көптеген киелі жерлерді көрдік, жеті күн бойы қағбада болдық. Жеті күннен кейін Меккеден 450 шақырым жердегі Медина қаласына бет бұрдық. Үш күн бойы Пайғамбарымыздың және сахабалардың қабірін зират еттік. Исламда «Алланың арыстаны» деген атаққа ие болған Хамза деген сахаба бар. Сол батыр сахабаның қайтыс болған жерін көрдік. Сондай-ақ, исламда ең алғаш тұрғызылған «Құба» және «Құбыла тәйін» деген мешіттер бар.


- Осы «Құбыла тәйін» мешітінің тарихымен бөліссеңіз...

«Құбыла тәйін» - екі құбыланың мешіті. Ислам келмей тұрған кезінде қағбаға адамдар қарамай тұрған бетінде мұсылмандар Израильдегі жындар салған «Әл-ақса» мешітіне қарап, адамдар намаз оқитын болған. Пайғамбарымыз «Алла тағаладан қашан біз басқа құбылаға бұрыламыз? Қағбаға қарап қашан намаз оқимыз?» деп күнде дұға етеді. Сол кезде Алла тағала қасиетті Құран аятын түсіреді. Енді жүзіңді құбылаға бұр деген кезінде «Әл-ақсаға» қарап отырған мұсылмандар бірден құбылаға бұрылады. Сол кезде қаншама мұсылмандар «бұл не деген нәрсе?неге қағбаға бұрылды? Демек, бұл өтірік дін» деп ислам дінінен шығып кетеді. Сонымен қатар, онда Ухуд деген тау бар. Сол таудың етегінде үлкен соғыс болып, жетпіс сахаба қайтыс болады. Одан кейін сахабалар зиратында болдық. Шыны керек, бұл деген өте керемет нәрсе. Пайғамбарымыз үлкен қажылықта бір рет қана болды. Себебі, үлкен қажылықты жасау - адам баласына үлкен парыз. Үлкен қажылық тек қана Құрбан айтта ғана орындалады. Ал, біз жасаған умураны, яғни кіші қажылықты Пайғамбарымыз өмірінде бес рет жасады. Умраға балиғат жасына толған мұсылман бара алады. Кіші қажылыққа намаз оқуды білмеген кісілерге де баруға болады. Бірақ, намаз оқыса, нұр үстіне нұр болатынын айта кету керек.


- Есет Сейітқалиұлы, қажылық кезінде мұсылмандардың небір ішкі сезімдері оянып, жүректері үлкен әсерге бөленеді дейді. Ал, Сіз қандай сезімде болдыңыз?

- Ол жерге барсаңыз, жылап жібересіз. Себебі, қағба деген Алла тағаланың әмірімен салынған. Нақтырақ айтсақ, аталмыш ең алғаш мешітті Адам ата мен Жабриіл деген періште тұрғызған. Алла тағала: «Ей, адам, сен қағбаны зират етіп, тауаф ет (Тауаф ету деген – шарт бойынша қағбаны жеті рет айналу). Ей, адам, бұл қағбаны біз сенен екі мың жыл бұрын зират еттік. Қағбаның үстінде тағы бір қағба бар», - дейді. Бірақ, ол қағбаны біз көрмейміз. Біздің қағба бұл дүниеге орналастырылмас бұрын, періштелердің дәл осындай қағбасы болған. Біз қажылық жасағанда, періштелер де қажылық жасайды. Біз өмірімізде бес-алты рет барсақ, бір періштеге ақыр заманға дейін бір-ақ рет кезек келеді екен. Бұл жерде періштелердің көптігі айтылады. Қағбаны көрген кезде Алла тағала көзден жасты шығарады. Ол жерде қарайған жүрегіңіз ағарады, қатайған жүрегіңіз жұмсарады.

Мұсылман ұлттар қажылық кезінде бай-кедей, білімді-білімсіз, ұстаз-шәкірт, шен-шекпен жағынан кім болса о болсын барлық дүниелік атақ-лауазымдарын бір жаққа ысырап қояды. Киімдерін шешіп, бәрі бірдей аппақ ихрам киеді. Басқа мұсылман бауырларынан ажыратқысыз кейіпке еніп, ешбір айырмашылықтары болмайды. Сырттай көз тастасаң, бәрі бірдей ақ кебінге оранған секілді. Кімде-кім қажылық парызын өтеу барысында бос әрі жаман сөзден, үлкенді-кішілі күнәлардан бойын аулақ ұстаса, анасынан жаңа туғандай пәк болып қайтады. Себепсізден-себепсіз сондағы құмырсқаны өлтіру, тырнағыңызды, шашыңызды жұлуға. Біреуді сыртынан балағаттауға болмайды. Ешқандай күнә жасауға болмайды. Яғни, ол жерде ешқандай харам жасауға болмайды. Ұзын сөздің қысқасы, қажылық - рухани ләззат алып, рухани тазаратын жер. Алла тағала бір хадисінде: «Жағдайы бар кісі бола тұра қажылық жасамаған адам өзі қаласа яхуди немесе христиан болып өлсін» деп ескерткен. Сондықтан, дәулетті кісілерге қажылық жасау – парыз.


- Әңгімеңізге көп-көп рақмет! Құлшылықтарыңызды Аллаһ қабыл етіп, Ұлы Жаратушымыз баршамызды өзінің ықыласы, ниеті дұрыс пенделерінен болуымызды , қажылық парызын өтеуші құлдары етіп, нәтижесінде қабыл болған қажылық сыйы – жәннатта табысуымызға нәсіп етсін.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика