Баяндамашылар діни ахуал жайлы

c_410_290_16777215_00_images_2017_41_41-2017-12.jpgҚазанның 5-і күні жиынды шақырылғандарды түгендеуден бастауды жөн көрген аудан әкімінің орынбасары Назгүл Манасова жұмыс тәртібіне көшіп, уақыт тәртібін сақтауға шақырды. Белгіленген уақыттан кешірек басталған кеңес жұмысы осылайша басталды.

Асенкрит өңіріндегі діни ахуал жайлы баяндамасын оқып шыққан ауылдық округ әкімінің міндетін атқарушы Марат Баяков: «Ауылдық округтегі діни ахуал тұрақты. Аймағымызда дінге қарсы немесе басқа да діни ағымдар жоқ. Қоғам мен мемлекетіміз үшін маңызды толеранттылық пен дінаралық келісімді бекіту мақсатымен барлық мектептерде, округімізге қарасты ауылдарда тиісті ақпараттандыру жұмысы жүргізіледі. Майлин ауылында мешіт пен Асенкрит ауылының өзінде православие шіркеуі бар», - дей келе, көпұлтты тұрғындардың мұсылман, православие мерекелерін үнемі атап өтетінін алға тартты. «Мысалы, мұсылман қауымы Құрбан айтқа ас берсе, міндетті түрде өзге ұлт өкілдерін де арнайы шақырады. Яғни, «бір дастарқан басында түрлі ұлт, екітүрлі дін өкілдері жиналады», - деген сөзімен баяндамасын жалғастырған әкім халық арасында түсіндіру жұмысын жүргізу үшін бірлесіп жұмыс істейтін мекемелер мен ұйымдарды, нақты қандай шаралар ұйымдастырғанын да айтып кетті. Қатысушылардың тарапынан қойылған сұрақтарға да толық жауап бере алды. Ауылдық округ әкімінің өз өңіріндегі діни ахуалмен жақсы таныс екендігі байқалды.
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша атқарылған жұмыс туралы Тобыл учаскелік инспекторы Кәрім Ержанов баяндады. Террористік сипаттағы төнетін қатерді ескерту бағытындағы жұмысқа шолу жасап, зуылдатып, іркілмей қолындағы баяндамасын оқып шықса, Новоильинов ауылдық округ әкімі Серік Мусапиров өз өңіріндегі діни ахуал жайлы мәлімдеме жасады. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанна Калимова аудандық әкімдіктің кіші залында өткен кеңес жұмысын қорытындылап, әр қатысушыға нақты тапсырма берді.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика