Тобылдағы қорым қоршалды

c_410_290_16777215_00_images_2017_41_41-2017-7.jpg«Өлі риза болмай – тірі байымайды» демекші, тобылдық мұсылман қауым ауыл сыртындағы ата-бабалары жерленген зиратты қайта қоршады. Себебі, қорымның жер көлемі 360 метрге кеңейтілгендіктен, бір амалын іздеуге тура келді.

Мал аяғын тигізбеуді ескеріп, «Ажар» мешітінің имамы Игілік Ділдабеков ауыл азаматтарымен бірге әлгі зиратқа жерленген аруақтардың ұрпақтарының басын қосып, сыртқы аумақты қоршауды ұйымдастырды. «Бұл істі құп көрген ауылдастарымыз шама-шарқынына қарай он мың, жиырма мың, тіпті, жүз мың ақшалай үлес қосып, темір қоршауға тапсырыс берді. Сөйтіп, қоршау жұмысы біткен соң, аруақтарға құран бағышталып, қорымның басында ас берілді», - дейді Тобыл елді-мекенінің имамы. Бір миллионнан астам жиналған қаржы құрылған арнайы комиссияның шешімімен, қадағалауымен жұмсалғанын айта кету керек.
«Көңілге орнаса егер иман берік, екі пікір адамнан шықса өзгеріп, таза жүрек айнадай көкіректі, жау-дұшпан қайтара алмас уын беріп» деген екен Сәбит Мұқанов бір өлеңінде. Осы кісі айтқандай, көңілге иман ұяласа, қолға алынған істің қайыры болары хақ. Байқауымызша, қоршау қалай-солай емес, мұқият істелген. Кім де болса, осы сауапты істі қолға алып, екі ай ішінде атқарған жандарға мың да бір алғыс айтар еді. Осыдан-ақ, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген сөздің бекерден-бекер айтылмағанына көз жеткізесің.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика