ТАХІ қызметі де шарықтауда

Аудан орталығында такси қызметі қымбаттады. Бағаны таксопарктердің барлығы дерлік өсірген. Себебі не?

«Өздеріңіз де білесіздер, суық мезгілде автокөлікті орнынан қозғалту үлкен азап. Жанармайды әдеттегіден екі есе көп жұмсайды. Яғни, шығыны да көп деген сөз. Оған қоса, жақында жанармай бағасы қымбаттады. Мысалы, «Иволгадағы» жанармайды 144 теңгеге құйсақ, қазір оның құны 155 теңге. Осы себептен кейін бағаны 300 теңгеге дейін өсіруге мәжбүр болдық», - дейді Бақытжан есімді такси жүргізушісі. Енді, 1 қазанда қайта жаңартылған прайс-парақ бойынша «Таран – Қостанай» - 6000 теңге, «Таран – Лисаковск» - 4000 теңге, «Таран-ОРЕНБУРГСКИЙ» - 450 теңге. Айта кетейік, такси қызметінің бағасы аталған бағыттар бойынша ғана емес, басқа да маршруттар бойынша шарықтаған.
Тобыл ауылындағы «Арман» таксиінің иесі Александр Дудиннің айтуынша, олар әзірше қызмет бағасын сол қалпында қалдырған. «Бір жағынан жүргізушілер жанармайдың қымбаттауына байланысты такси қызметінің бағасын өсіру мәселесін көтеріп жатса, екінші жағынан ел-жұрттың қамын ойлап, баға көрсеткішін өзгерткің келмейді. Нәтижесінде «сабы өзіңе тиеді». Алайда, бағаны өсірген күннің өзінде де ауыл бойынша такси қызметінің бағасын қымбаттатпаймыз», - дейді кәсіпкер.
Таксишілердің сөзіне қарағанда, соңғы жылдары тұрғындар арасында такси қызметіне деген сұраныс артып отыр. Халыққа қызмет көрсетіп үлгере алмай жататын кездер де болатын көрінеді. Осы орайда, бағаның өсуі, әрине, алаңдатады. Денсаулығының нашарлығына байланысты такси қызметіне жиі жүгінетін әжелеріміздің бірі: «Құн өсімін арттырған екен, онда бізге, ең болмаса, тиісті жағдай жасаса қайтеді? Қарағым-ау, кейбір көліктердің шаңы да сүртілмейді ғой», - дейді. Бұл кісінің сөзін растап, таксопарк қызметкерлеріне топырақ шашудан аулақпыз, дегенмен бұл да ойланарлық жайт.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика