Іздеудегі қылмыскер ұсталды

Тәртіпті қатаң қадағалайтын полиция қызметкерлерінің тірлігі қашан да қарбаласқа толы, үнемі қауырт жүреді. Қылмысты ашып, міндеттерін мінсіз атқарып жүрген қызметкерлердің жұмысы жайлы халық та білуі керек. Осы тұста алысқа бармай-ақ, зейінділік танытқан желілік полиция бөлімінің іздеуге жарияланған қылмыскерді қолға түсіргенін хабарлаймыз.

Қазанның 7-сі Тобыл кентінің патрульдік полиция тобының полиция қызметкері, аға сержанты Арман Идрисовтың көзіне жүзі таныс күдікті түседі. Сол сәтте қызметкердің есіне әлгі бейтаныс адамның бет-бейнесін фотороботтан көргені түседі. Сөйтіп, Арман Бауыржанұлы қырағылық танытып, әрі шапшаңдық көрсетіп, іздеуде жүрген қылмыскерді қолға түсірді. Осылайша, теміржол вокзалында қызмет атқару барысында Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданы сотының қаулысымен мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды.
Ұсталған қылмыскер Лисаков қалалық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Желілік полиция бөлімінің басшысы Дәуіт Өтегенов 2014 жылдан бері адал қызмет атқарып келе жатқан аға сержантқа ризашылығын білдіріп, ұжым қызметкерлерінің ауыз толтырып айтарлықтай қызметі үшін мақтан тұтатынын айтады.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика