Алтын алқалы асыл ана

Multithumb found errors on this page:

There was a problem loading image 'images/2015/10/mnogodetnaya-mama-8marta.jpg'
There was a problem loading image 'images/2015/10/mnogodetnaya-mama-8marta.jpg'

mnogodetnaya-mama-8marta.jpgБір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетіп тұрған аналардың асылдығында шек жоқ-ау, сірә! Мынау ғажайып өміріміз аналарымызбен мәнді. Ер азаматтарға қайрат, жігер беріп, өзін аямай, ұрпағы үшін еңбек еткен де аналарымыз екенінде дау жоқ. Новоильиндік тоғыз баланың анасы, немерелері мен шөберелерінің қызығын көріп отырған «Алтын алқа» иегері Пакиза Байсапақова да осындай аналарымыздың бірі.

«Бұрын ауданымызда Тасоба деген ауыл болатын. Сол ауылда Қайсарбекпен танысып, шаңырақ көтердік. Екі баламыз болғанда Мариновка деген жерге қоныс аудардық. Содан кейін 2004 жылы ауылдықтар жан-жаққа көше бастаған соң, біз Новоильин ауылына көштік. Тұңғыш баламыз Серік 1965 жылы дүниеге келді. Одан кейін Бибінұр, Айгүл, Әлфия, Ақкенже есімді қыздарымыз туды. Ақкенжеміз қайтыс болды», - деп көзіне жас алған Пакиза Қадірбекқызы әңгімесін жалғастыра келе, Қызымыз қайтқанмен, оның орны жоғалған жоқ.Аллаға шүкір, Ақкенжеміздің артында қалған екі жиен немереміз бар. Біз олармен араласып, әрқашан еске алып отырамыз», - дейді. Өмірге Айман және Шолпан атты егіздерді әкелген бас кейіпкеріміз ұрпақтарының басы аман, бауыры бүтіндігіне шүкіршілік етеді. Ұлдың кенжесі Кәдірбек пен кенже қызы Айнұр да бүгінде өмірде өз орнын тапқан. Осылайша Пакиза апа мен Қайсарбек аға екеуінің бауырынан тоғыз бала өрді.

«Ұлды ұяға, қызды қияға қондырып», жиырмадан астам немере көріп, екі немересінің қолынан су ішкен көпбалалы Пакиза апай: «Мен бір үйдің жалғыз қызы болып өстім. Сондықтан, ата-аналарым «өзіңе серік болсын» деп үлкен баламның атын Серік деп қойды.Одан кейін ұл тудым. Оның есімін соғыс ардагері болған отағасының әкесі қойған-ды.Ол «екінші немерем ғой, мұратымызға жетейік», деп Мұрат деп қойып еді. Тағдырдың жазғаны шығар, ұл баламыз тоғыз айлығында шетінеп, қайтыс болды. Ал, Әлфия қызымыздың атын құдайы көршіміз болған беларус әйелі қойды. «Орыс тілінде қазақ кітабын оқып едім. Сонда «Әлфия» деген бір жақсы қазақ қызы болды. Солай атайық...» деп, осы есімге таңдау жасады», - деген естелігімен бөлісті.

Қаншама жыл артта қалды десеңізші... Пакиза Байсапақованың айтуынша, кеңес заманында балаларға қарайтын уақыт та болмаған кездер болды. Біреуін жетектеп, біреуін құшақтап балабақшаға алып барып, апай жұмысқа шығады. «Өмірдің қызығын да, қиыншылығын да көрдік. Әйтеуір, балаларымыз өсе келе жәрдемші болды.Әлі күнге дейін бізге көмектесіп отырады», - дейді әңгіме барысында отағасы Қайсарбек Мінайдарұлы.

«Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді» деген бір керемет сөз бар қазақта. Кезінде талай қиыншылықтарды бастан өткізсе де, жан дүниесінің сұлулығымен қабаттас әсем келбеті сақталған Пакиза Байсапақова сияқты аналарымызды көргенде, осы бір қанатты ұғым ойға еріксіз орала береді. Міне, енді, бақытты заманда, бала-шағаның ортасында қызықты кәрілік өмірді өткізіп жатқан жайы бар. Қажымас қара нардай бұл кісінің ақылға, мейірімге толы әрбір сөзі балаларын қуаттандырып, жігерлендіріп отырады. «Бізді тәрбиелеп, өсірген ата-аналарымыздың ортамызда жарқырап отырғанының өзі – біз үшін қол жетпес бақыт», - дейді балалары асқан сүйіспеншілікпен. «Алтын алқалы» ананың ақжарма тілегін Жаратқанымыз қабыл етсін!


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика