Кезінде хат жазысқан ғашықтар

Multithumb found errors on this page:

There was a problem loading image 'images/2015/15/pismo-lubvi.jpg'
There was a problem loading image 'images/2015/15/pismo-lubvi.jpg'

pismo-lubvi.jpgЕл арасында ардақ тұтар асыл ағаларымыздың өмірлерінің терең қырларына үңілген сайын ұмытылмас ғибрат аласың. Ізгілігі мен ілтипаты мол осындай ордалы ағаларымыздың бірі Амангелді Қалиев. Қырық жыл бұрын Дамиля жеңгеймен шаңырақ көтерген екен.

Амангелді Жармағамбетұлы мен Дамиля Құпиқызы тағдырлары бір арнаға бір кездегі Целиноград қаласында тоғысқан. «Мен медициналық училищеде, ал ол ауылшаруашылық институтында оқып жүрді. Күндердің күнінде студенттермен ұйымдастырылатын кештің бірінде таныстық. Амангелді жас кезінен-ақ отты, жігерлі қасиеттерімен ерекшеленіп, айналасын әнімен баурап алатын. Сосын оқуын ойдағыдай аяқтаған соң, екі айдай жұмыс істеп жүрді. Кейін оны әскерге алып кетті. Мен де сол кезде оқуымды бітіріп, учаскеде фельдшер болып қызмет атқарып жүрдім. Бір жыл бір-бірімізге хат жазысып тұрдық», - дейді отанасы Дамиля. Естелікке толы әңгімемізді жалғастыра отырып, «Жігітіңізден хат алған сәтте қандай сезімде болдыңыз?» деген сауалымызға: «Мен құрбыларыммен бір бөлме жалдап тұратынбыз. Хатты үйге алғашқы болып келген қыз алатын. Менің хатым құрбыларымның қолдарына түссе, олар қалжыңдасып маған шарт қоятын. Сол хатымды оқуым үшін бірде ән айтып берсем, бірде кәмпит, торт алып беретінмін (күлімдеп). Жасыратыны жоқ, жалындаған жастық шағымыздағы сезіміміз терең, әрі таза болғандықтан, әскерден келген хаттарды қайта-қайта оқитынмын. Кейін әлгі хаттарды ұзақ жылдар бойы сақтап жүрдім», - деді.

Жүрегін жандырған, көңілі қалаған көрікті қыз ыңғай білдірсе, қай жігіт тағат тауып тұра алады. Бір жылдан кейін әскерден келген жас жігіт бірден сүйіктісін өз ауылына алып кетеді. Аялы жанары жайнаған жиырма жасар қыз да Амангелді ағайға кетәрі емес-ті. Сөйтіп, екі жас отау тігіп, Қоржынкөл ауылындағы ағайдың ата-аналарымен бірге тату-тәтті өмір сүреді. Келін атанған Дамиля ата-енесімен бір шаңырақтың астында жиырма бес жыл тұрып, ғұмырларының соңғы күніне дейін бағып-қақты. «Маған Дамиляның биязылығы, адамгершілігі ұнайтын», - дейді Амангелді Жармағамбетұлы. Ең қызығы, ағайымыз әлі күнге дейін өмірлік жарымен танысқан сәтті ғана емес, одан кейін де екеуі бастан кешірген түрлі қызықты оқиғаларды, тіпті күнін де ұмытпаған екен.

Алла деген адамға ақ жол ашық. Еңбек жолын зоотехник болып бастаған Амангелді Қалиев, кейінгі жылдары белді қызметтер атқарып, ел көзіне түсті. Ағамыздың білімі мен білігі, еңбегі еленіп, қызмет баспалдағымен біртіндеп көтерілді. Қандай қызметте болса да, Амангелді Қалиев қолдан келгеннің бәрін атқаруға тырысты. Халқымызда «ер адамды өсіретін де, өшіретін де әйел кісі» деген сөз бар. Отағасы елдің қамын ойлап, тер төгіп еңбек етіп жүргенде, Дамиля апай қол қусырып отырған жоқ. Ол жұмыс істеп те, бала-шаға тәрбиесімен айналысып та үлгірді. Бір қабақ шытпай, кез-келген уақытта үйінің табалдырығынан аттаған кісілерді де қарсы ала білетін. Мұның өзі жұбайлардың қарым-қатынасындағы сенімділік пен сыйластықты байқатады десек артық айтпаспыз.

Бүгінде басты кейіпкерлеріміздің Мұрат және Гүлнәр есімді балалары, екі немересі бар екен. Әке жолын қуған Мұрат жанұясымен Қостанайда, дін жолында жүрген Гүлнәр Египетте тұратын көрінеді. Алла жазса, бірнеше жылдан кейін Қалиевтар отбасында «Алтын той» тойланады деп жоспарлануда. Гүлдей қыз өсірген, білдей ұл өсірген ағай мен апайға балдай немере-жиендер сүйіп, жамандық атаулы жетпесін деген тілегімізді білдіреміз.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика