Баршаға үлгі боларлық тағылымгер мен тәлімгер

Multithumb found errors on this page:

There was a problem loading image 'images/2015/15/ds-dva-sapoga.jpg'
There was a problem loading image 'images/2015/15/ds-dva-sapoga.jpg'

ds-dva-sapoga.jpgТобыл кентінде жиырма жыл бір салада тапжылмай еңбек етіп, тіршілігі теміржолмен біте қайнасқан Сағындық Баимбетов есімді азамат тұрады. Басты кейіпкерімізден тараған бала-шаға бүгінде әке жолын қуып, ата кәсіптің құлағынан ұстапты.

«Мен 1978 жылы әскерден келіп, теміржолда пойыздарды құрастырушының көмекшісі қызметін атқардым. Екі жылдан кейін өз еркіммен жұмыстан шығып, басқа мекемеде жұмыс істеп жүрдім. 1995 жылы қайта теміржол саласын таңдап, пойыздарды құрастырушы болып еңбек еттім», - дейді ол жастық шаққа сәл шегініс жасап. Бүгінде Сағындық ағай сұрыптау төбешігі бойынша кезекші қызметін атқарып жүр. Бұл кісінің жан жары Шолпан да, балалары да аталмыш салада жұмыс істеп келеді екен. Осылайша, еңбекпен өсіп-өніп жүрген теміржолшылар жанұясы осы кәсіптен нәсіп тауып, шойын жолдағы қайнаған тірліктің шырайын ашып келеді. Тоғыз жолдың торабы теміржолда тапжылмай еңбек етіп жүрген отағасының өнегелі өмірі немерелеріне де, әріптестеріне де үлгі-өнеге болып табылады.

Сағынтай Cапабекұлымен қызметінің қыр-сыры жайлы сөз қозғағанымызда, ол бұл салада босаңсуға, қателесуге болмайтынын алға тартты. Себебі, адам тағдырынан қымбат жауапкершілік жоқ. «Күні-түні жұмыс істейміз. Міндетті түрде, темірдей тәртіп керек»,- дейді ол. Ұжымында құрметті, еңбекқор жұмысшылардың қатарында жүрген Сағынтай ағайдың ерең еңбегі ескерілмей қалмады. Ол бірнеше мәрте алғыс хаттармен марапатталып, құрмет тақтасында орын алған. Станция басшысы Айбек Қазымов 2003 жылы осы кісіден тәжірибе алған көрінеді. Мәселен, Сағындық Баимбетов жолдама бойынша Тобыл кентіне келген жас жігіттің тәлімгері болып тағайындалады. Институтты тәмамдап, қолына диплом алған жас маманға қызметте бағыт-бағдар беру өте маңызды екені баршамызға мәлім. Әлі күнге дейін кезінде құрастырушы көмекшісінен бастаған Айбек Тұрғынбекұлы мансап баспалдағымен көтеріліп, баға жетпес көмек көрсеткен Сағындық Сапабекұлына шексіз алғысын білдіруден жалықпайды. Мақсатты тағылымгер мен білікті тәлімгердің баршаға үлгі болып қана қоймай, әрдайым бір-біріне қолдау көрсетіп жүретіні қуантарлық жәйт.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика